Бакытжан Копжасаров  >   Психологиялық тест. Естелік

Психологиялық тест. Естелік

rss Бакытжан Копжасаров 28 мая 2011
Бакытжан Копжасаров
 

     2003 жыл. Екінші мамандықты алу үшін сырттай оқу бөліміне түстім. Түсуге тура келді, қазіргі жұмысым  мұғалімдік. Жүргізетін пән информатика. Ылғи туындайтын сұрақ «неге информатикадан сабақ береді, дипломы жоқ қой?» *. Қазір көктемдегі сессия. Тобымдағы студенттерміздің ең үлкені елуден асқан орыстың апайы бірінші мамандығы математика мұғалімі, ең жастауы филолог маман иесі қазақтың қызы. Өзім жалғыз ер затымын, инженер -механик. Бар жоғы жиырма шақты боламыз.

     Сессия бір айға жуық созылды. Сабақтарға барғаннан бармаған күндерім көбірек. Себебі өзімді жоғары ұстағанымда ма, университет ұстаздарын ұнатпағанда ма, ұнатпасам себебі болды.

     Топтастарымнан бүгін «психология» пәні бойынша соңғы лекция екенін білдім, ешқай лекциясына бас сұқпаптым, ең жоқ дегенде сынақты кімге тапсыратынымды  көріп қалайын деген оймен оқуға деген еш құштарлықсыз келіп, үшінші соңғы қатарда, ең соңғы болып отырдым.

    Бүгінгі тақырып психология саласының акмелогия бөлімі. Сабақ соңында мұғалім студенттерден тест ала бастады. Бар жоғы үш тапсырмадан тұрат. Ең соғысы елес-елес есімде "өзіңді қоршаған ортаңда бейнеле".

   Барлығы бірдей болып тест- тапсырманы орындады. Себебі мұғалім тест жауабы бойынша тестіленушінің психологиялық мінездемесін айтқанға уәде еткені. Бірінші қатардан бастап тест жауаптарын сараптап, қорытындылай нәтижесімен мұғалім тестіленушіге таныстыра бастады. Топтағы барлығы бір-бірін қаншалықты жақсы танып білгендері туралы беттеріндегі гримассалары бойынша көрініп, біреулері тест қорытындысы қандай дәл шыққанына «ах» -деп дауыстап таңданып жатты.

    Кезек маған келді. Жалғыз ер заты болғандықтанба, әлде көпшілігі мені "қызық" адам санағандықтанба, жай тест қорытындысна қызығушылық танытқандықтанба білмедім, аудитория үнсіз қалыпты. Мұғалім қалған тестілеушілердің нәтижесін айтып қоймай талқылап бергенді, менім жауаптарымды көріп біраз үндемей кідірген соң:

   -Cіз табиғатты жақсы көресіз, математика секілді дәл ғылымдарға бейімсіз, -тағы ойланып кідіріп қалды, сосын күтпеген келесі сөз айтты:

  -Бәрі жақсы болат, -басқа топтастарыма қарап:

  -Алдымда отырған адамдар сирек кездесет. Мұндай адамдар өмірде жетістіктерге жете білет, -деді де, бірталай жақсы сипаттағы сөздерді айта берді. Өзім болсам қызарып отырм, күтпедім. Қоршаған үнсіздік қызу пікірталасқа айналды. Біреулері мұғалімге айтып жатыр:

  -Cіз қателестіңіз, олай болмайт, біз оны біліп қалдық қой. Екі сөздің басын құрай алмайтын адам...

  Он жыл өтті. Тест қорытындысы қаншалықты шынайы болғаны? Әлі шынайлығын анықтауға ертеме. Қазірде мұғаліммін деп те айтуға болат, көбінде оқушылармен емес мектеп басшыларымен жұмыс істейм. Қай мектепте істесемде әкімшілік маңайына жақынмын, әдейлеп соларға жақындағымда келмейт оқушыламен жұмыс істегенді әлдеқайда ұнатам. Бірақ түбінде әкімшілік жанынан табылам. Атқаратым жұмысым? Тоқсан процентті әкімшіліктің негізгі атқаруға тиіс міндеті. Бастық болғым келмейт. Бәлкім әлі шешімімді өзгертетін шығармын… білмейм. Жұмыс орынында тұрақсыз адам болып саналам. Көп жұмыс орындаын ауыстырдым. Қазір мұғалімдіктен кетейін дегенде ойым бар. Бірінші рет емес. Әлі ешнәрсе белгізсіз секілді.

* -информатика пәні мектептерде жүргізілгенде ЖОО «информатика мұғалімі» мамандығы бойынша дайындық жүргізбейтін!



10489
  • Ғазиза Ұзақ Ғазиза Ұзақ 28 мая 2011, в 20:59:42
    Өте қызық екен!!! Еске алатын осындай естеліктер көп болғай!!!
    ответить
    • Бакытжан Копжасаров Бакытжан Копжасаров 28 мая 2011, в 21:12:12
      осыған ұқсасы талайы бар ғой, барлығын айтып жазған орынсыз болат дегенмен «психология» ғылымына бас июге тұрарлық))
      ответить
  • Zhanat Ubaidullaeva Zhanat Ubaidullaeva 28 мая 2011, в 22:27:55
    Magan da kyzyk korindi. Mugalimdikti unatasyn ba? Kazirgi mekteptin zhagdaiy kalai? Oku sapasy?
    ответить
    • Бакытжан Копжасаров Бакытжан Копжасаров 28 мая 2011, в 22:45:37
      Кейбір адамдарға мұғалім болған жарасымды емес, білген соң айтам. Өзім жай мұғалім болып қоймай ілгері бастамаларымды дүниеге әкелдім. Ғылыми көзқараспен қарауға оқушыларымды итерем. Оқушыларымнан өзім секілді мұғалім жасаудан аулақпын! Кейбір бастамаларымыздың аналогы ШҚО жоқ. Тек жалғыз білім жүйесінде емес басқа жердегідей бастықтың көзқарасымен барлығы шектелген. Мектептерде бұрынғыданда бюрократикалық жүйе күшейе түсті. Көзбояушылық өте көп. Әсіре бірінші басшылары көбінде бетпақ т с.с. адамдар, өйткені оларды басқаратын басшылар «түсінікпен» жұмыс істейт. Иманды, білім беру жүйесі дамысын деген санаулысы. Бұның бәрі сандырақ емес. Ауылдың мектеп босағасынан бастап департамент жанындағы мекемеде қызмет істеп, талай істерді басынан өткізген адам айтат. Білім сапасында «сатып» алуға болады. Мұғалімдерді жаман үйреткен. Өйткені солай басқарған басшыларға тиімді. Оқушы қамын ойлайтындар аз.
      ответить
      • Zhanat Ubaidullaeva Zhanat Ubaidullaeva 28 мая 2011, в 23:17:38
        hmm, okinishti-ak, mektep kazir bilim berumen ainalyspaidy desenshi :( Aldagy uakytka bolzham zhasap korshi, keleshektegi mekteptin hali? Bilim bermeitin mektep kerek pe?
        ответить
        • Бакытжан Копжасаров Бакытжан Копжасаров 29 мая 2011, в 12:26:26
          Кішкене сұрақ төңірегін айқындап алайық. Кейбір қоғам мүшелеріне, шетелдік сарапшылар ойынша ҚР білім жүйесі жаман емес деп бағалады. Қаншалықты объективті дегені басқа сұрақ.
          Маған маза бермейтіні мектеп білім-тәрбие жүйесі қазақи пәлсафалық өмір танымымен ділінен алшақтап бара жатқаны. Жалғыз мектеп емес, бүкіл қоғам Үкіметпен қоса шет елдің режисерлік қойлымында «массалық» үшінші ел ролінде ойнап жүргені.
          Елу өлшеуіш-шарт туралы естіген шығарсын ҚР өркениетті елдердің қатарына енуге орындалуына міндеттелгені.
          Ешкім осы көрсеткіш ішінде қазақ ұлттының мүлдесі туралы пункт енгізген жоқ, қарамай-ақ айтуға болат. Көрші елдерге өз индификациясын жоғалтқан мемлекет керек, не Қытайдың не Ресейдің аймағы болып қалғанға. Аймақ ішінде қазақ ұлты жүргені ешкімге керегі жоқ, қазақтардың ата бабаларының жері және жер байлығы қажет.
          Мектеп қоғамның көлеңкесі сағымы деп те айтуға болады. "Қоғам-мектеп" бір-бірімен тура және кері байланыста, оны ажырату мүмкін емес. Казіргі жаһандану жағдайында кез-келген қазақ адамы мәдинеттік экспанция: 1) жасанды -субмәдинет; 2) басқа ұлт мәдинет үлгісі; «теке-тірестік» тап болады.
          Кейбір жаңа деп бізге ұсынылған, қателескен жоқпын «жаңа» деген сөзге акцент жасайық әулеметтік мәселерді қазақ өзінің пәлсафалық көзқарасымен толық шешкен. Оны қазір ұмыттыруға жақын қалды.
          Болашаққа Шәкәрім Құдайбердиевтің пәлсафалық көзқарасы "өткенге қарап болашақты болжаған...", әулие атанғым келмейт өйткені сөздің мағынасын дұрыс түсінбейтіндер бар.
          .
          .
          Писсимистік: Болжам жасайық, білім жүйесі жетілет, білім жоғарлайт. Тек мүлдем басқа қоғамда орнағанда. Қазақ ұлтты сол шаққа дейін жоғалып кететін секілді. Мұндай болжамға Үкіметтің ақырғы бес жылғы саясаты дәлел.
          .
          .
          Оптимистік: Үкімет саясаты күрт өзгеріске ұшырайт. Демографиялық өсім болып халық саны жоғарлайт. Қазақстан ішінде автономды аймақтар пайда болуы мүмкін. Федерацияға ұқсас, немесе АҚШ штаттары ұқсас заңдары бөлек. Қазақстан ішінде адамдар көшіп қонуға мәжбүр болат. Қоғам өзгергеннен кейін білім жүйесі өзгерет.
          .
          .
          Қорытындылай келсек қазір сапалы білім қаражаты бар адамға қол жетерлік, тек қазақи көзқараспен өмірге қарайма деген сұраққа жауапты алған секілдісін. Оңүстік Корей мемлекеті ұлттық құндылықтарының жоғалып бара жатқан себебінің бірі жас қыздарының шетелге барып оқып келіп мемлекет ішінде мәдинеттік экспанция әкелгенде. Бұл ақпаратты Ресейдің! Корейді зерттеумен айналысатын институтының интренетте орналстырылған ақпараттынан алдым.
          Сондықтан ақырғы кездегі оңүстік Корей сериялдарының бізге елге қандай жақын бола жатқандықтарын аңғарып көріндер. Тағы қосымша ақпарат оңүстік Корея өз аймағы елдері бойынша суицидтен бірінші орында! Бірақ мектептеріндегі білім тәрбие жүйесі жаман деп айта алмаймыз! Барлығына кінә… жеке тақырып қылып бір жазам, тым көп жазып жіберіптім(((
          ответить
          • Zhanat Ubaidullaeva Zhanat Ubaidullaeva 29 мая 2011, в 19:10:11
            Bul ote-mote kurdel takyryp, degenmen keibir oilaryn menin oiymmen ten keledi eken… Oz shakirtterne zhaksy blim berip zhaksy iz kaldyrasyn degen umittemin
            ответить
          • NK 1 NK 1 30 мая 2011, в 00:58:43
            Ustaz boludan tuneltpesin sizdi! Shakirtterinizge beretiniz kop korinedi.
            ответить
            • Бакытжан Копжасаров Бакытжан Копжасаров 30 мая 2011, в 01:35:13
              )))
              ответить
              • NK 1 NK 1 30 мая 2011, в 10:34:40
                Кеше қазақ клавитурасы қол астында болмады сосын латын әріптерімен тергенмін. Менің де ойым Отанды көтеретін сол қазақ мәдениеті қанында бар жастар. Олардың қолы бүл күні жақсы білімге жетпей отыр — өзіңіз айтып отырсыз. Техника саласында (гуманитарлар кешірсін, бірақ өз басым жоғарғы білімді техникалық иә ешқандай деп екіге бөлемін :) білім алған сіздің бұл тараптағы үлесіңіз зор, «бұл кісіні білуші едік» деп біз мақтанамыз бір күні.
                ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться