* Meirzhan  >   Жетімдер

Жетімдер

rss * Meirzhan 2 октября 2010
* Meirzhan
 

 Жетімдер үйлеріндегі мәселе қазір қалай?  Неге біз күнделікті өмірде дүниеде тек өздеріміз ғана өмір сүретіндей ешкімді ойлап жатпаймыз? Ойлау деген басы ғана, ар жағы жалғасатын ісі (көмегі де) бар емес пе? Күнделікті күйбең-тіршілік бізді белгілі бір мақсаттарға жетелейді. Көмекті қажет ететін адамдар туралы көшеде ақша сұрап ашығып тұрғандарды көргенде ғана кейбіріміз сәл ойлансақ, кейбіріміз тез өтіп кетеміз. Неге олар туралы журналистік зерттеулер аз жүргізіледі? Күніне олар қанша ақша жинайды. Және ол неге байланысты? Түрінің аяныштылығына ма? Жас мөлшеріне ме? Әйтеуір түрлі қоғамдық орындарында бұндай картиналарға көзіміз үйреніп алған. Өзім бүгін ғана назар аударып, сәл болса да ой жүгірттім. Олардың психологиясы қаншалықты зардапқа ұшырайды? Намыс деген ұғым саналарынан жоғалуда ма? Осы жерде Абайдың сөзі есіме түсіп тұр: Замандасың жаман болса оған сен кінәлі. Бұл сөздерді осы ситуацияға лайықтап: Замандасыңның әлеуметтік жағдайы нашар болса, оған сен көмек беруің мүмкін дегім келеді. Және де адамзат санасында қалыптасқан бір пікір бар: Балық бергенше, балық аулайтын қармақ бер. 

 Негізі тақырып жетімдер деп басталып еді… Пайғамбардың хадистерін еске алсақ, жетімдерге әрқашан көңіл бөлген, көмек қолын созғанын еске түсіреміз. Халық даналығы — «Жетім көрсең жебей жүр». Ислам дінін ұстанған, халық даналығын, ата-баба өсиетін жерге тастамаған қазақта бұндай мәселелер қайдан жүр? 

 Байқағандарыңыздай әзірге жауаптардан гөрі сұрақтар көп болып тұр.



317
  • Gasta KZ Gasta KZ 02 октября 2010, в 02:43:00
    Сіздің бүгін ғана осы мәселеге зер салғаныңыз, бүкіл әлем бұл жағдайдан мақұрым екендігін білдірмейді. Өз атын атамай, жаханға жар салмай жетімдерге көмектесіп жатқан жандар көп. Ылайым көбее берсін. Жетім-жесірге көмектесу заңмен бекітілген міндет емес. Құдайға шүкір ондай болмай-ақ та қойсын. Ол әркімнің өз шешімі болып қалса ғана, шынайы әрі қалаулы әрекет болады.
    Сен маған, жетімдерден басқа мәселелер де көп біздің елде. Жесірлер бар бірнеше баласын жалғыз асырап жүрген. Туысы, қарайтын адамы жоқ сырқат кісілер бар көзі бақырайып өлім күтіп отырған. Мүмкіндігі шектеулі балалар бар.
    Осы мәселелердің барлығына журналисттік зерттеу керек. Зерттеулер жасалып та жатыр. Бірақ олардың даусы неге шықпайтынын да түсіну керек шығар.

    1) Егер газет бетіне шықса, халықтан бұрын әкім бірінші жауап қайырады.
    2) Әкім әлбетте өзін емес, сол мекеменің басшысын кінәлап, жұмыстан шығарады.
    3) Мекеменің басшысы — кішкентай ғана адам, және оның қандай болғаны әкімге байланысты емес, жүйеге байланысты.
    4) Жаңа мекеме басшысы коллективті қинап, ақшасын қысады, айлық аз болған соң жұмысқа ең білікті мамандар емес, амалы жоқтар немесе шын жүрегімен берілгендер кіреді.
    5) Соңында жүйге, күретамырлы өзгерістер енгізілмей қауымның әлсіз таптары қорғалмаған болып қала береді.

    Көбіне жетмдерге жалпы жалғыз, немесе мүмкіндігі шектелген балаларға, қарттар үйіндегі ата-әжелерге ат-аналық-бауырлық жылылық жетпейді.

    Жетімге көмек тек оны кішкентай кезінде асырап алу. Ал оған ай сайын таратылатын киім калдыктары, тендермен сатып алынган бірдей арзан киімдер, олардын жеке дербестіктерін құртып, коллективті зомбилерге айналдырады.
    Оларды ешкім еркелетіп, елден ерек көрмегендіктен олар бәрібір ата-ана көрген адамнан ерекше болып өседі.
    ответить
    • Қуат Беркінбай Қуат Беркінбай 02 октября 2010, в 10:27:49
      Ммм… Дұрыс, оңды айтылған ойлар. Әрине айтыла айтыла жауыр болса да қайталауға тура келеді, бұған қоғамдық жүйе кінәлі.

      Айта кетерлігі постқа жазған пікіріңіз посттың өзіне айналып кете жаздапты. )))
      ответить
      • Gasta KZ Gasta KZ 02 октября 2010, в 20:31:24
        Іште қайнаған ойлар ғой. Бөлек пост жазу ойда болған.
        ответить
  • Gasta KZ Gasta KZ 02 октября 2010, в 02:50:14
    Жетімдерге артық стипендия беріледі. Оны жақсы жаратып, оқуын жақсы бітіріп, аяғына тұрып кеткендерді танимын. Ал сол бойы ішіп -тышып мал болып әркімнің етегінде жүрген жетімдерді де танимын. Оларды кіналамаймын, бірақ Құдай басына салған соң, сол жүкті көтеріп еңсеруден жақсы амал бар ма?
    Не десек те адамның айтқаны боқ, істегені маңызды
    ответить
    • * Meirzhan * Meirzhan 02 октября 2010, в 14:30:44
      Жетімдер, тастанды балалар мәселесін алдын-алу жұмыстары (профилактика) аз секілді. Кез-келген мәселені шешу үшін оның себебіне назар аудару керек емес пе.
      Және бизнесстің әлеуметтік жауапкершілігі деген нәрсе бар емес пе? Қоғам болмаса бизнессмендер де болмайды. Олар көмек беруі міндетті дер едім.
      Әрине жасырын көмек берушілер көп дегеніңізге сенгім келеді.
      ответить
  • * Meirzhan * Meirzhan 02 октября 2010, в 14:21:36
    Біраз сауалдарға жауап бергеніңіз үшін рахмет.
    ответить
  • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 04 октября 2010, в 10:22:46
    Көшпелі дәстүрдің элементтерін отырықшыға айналған қоғамда дәріптеу… мүмкін, әсері бар әдіс шығар, бірақ жетімдер отырықшылықтық элементтерінің бірі… қала, қалама! ал журналистік зерттеулер жүргізілмейді емес, жүргізіледі, өзім талайын оқығанмын, бірақ оған назар аударуға қоғамның уақыты жоқ секілді…
    ответить
    • * Meirzhan * Meirzhan 04 октября 2010, в 14:09:45
      Кавказ халықтары отырықшы болғанымен жетімдер оларда Ресей бойынша ең аз екен. Мәселе діни ұстанымдарды және ұлттық менталитетте болып тұр ғой.
      ответить
  • Назым Исмаханбет Назым Исмаханбет 04 октября 2010, в 14:48:11
    Оларға ең бастысы моральдық тұрғыдан жақындау деп ойлаймын. Оларды асырап алу біздің түсінігімізде әлі жетіле қоймаған. Әр бала үшін жанұяда өсу өте маңызды. Сондықтан халық санасында дұрыс түсінік орнығу үшін осыған байланысты шаралар көбірек өткізген дұрыс шығар. Өйткені «Сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған».
    ответить
    • * Meirzhan * Meirzhan 04 октября 2010, в 14:57:29
      Ресейде бұл мәселе өткір болғандықтан ба жетімдерді асырап алу туралы насихат жүріп жатыр.
      ответить
      • Назым Исмаханбет Назым Исмаханбет 04 октября 2010, в 15:06:26
        Жақында осы тақырыпта «Семейный дом» деген сериал қарадым. Ресейдің өнімі… Бізде де осыған ұқсас дүниелер түсірсе екен.
        ответить
  • Назым Исмаханбет Назым Исмаханбет 04 октября 2010, в 15:07:47
    Жалпы Мереке постыңызға рахмет! Жақсы тақырып
    ответить
  • * Meirzhan * Meirzhan 04 октября 2010, в 15:15:05
    Иә, иә 1-ый каналдан болды. Жарнамасын көрдім.
    Қазір біз сериал, кино түсірсек қорқатын болдық. "Қайрат-чемпион", «Жаным», «Спеши любить», «Келін», "Қараой" т.б.
    Қоғамды дұрыс бағыттайтын, шын ойландыратын, игі істерге бастайтын кино түсірсе екен. Бірақ «Жетімдер» деген кино бар емес пе?! Ұмытып кетіппін.
    Алдын-алу шараларын жүргізу үшін имандылыққа бастайтын дүниелер шығару керек. Мәселе сол имандылықта, тастанда балалар да азаюышы еді, асырап алушылар да көбкюші еді.
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться