* Meirzhan  >   Жетімдер психологиясының бір қыры

Жетімдер психологиясының бір қыры

rss * Meirzhan 6 октября 2010
* Meirzhan
 

Бүгін психолог оқытушымен сөйлескенде балалар психологиясы әңгімемізге арқау болған еді.

Жанұяда тәрбиеленген үй баласы мен жетімдер үйінің баласы арасында аналогия жүргіздік. Үйде еркін өскен бала сыртқы ортамен қатынасқа ашық, сескенбей түседі екен. Үйдегі ата-аналары бөтен адаммен сөйлеспе, кәмпит алушы болма деседе бала еш қауіп ойламайды. Ал жетім балалар нәресте кезінен «жандану» («оживление», қолға көтеру) процесін өтпегендіктен, әсіресе алғаш көрген адамға еш сыр білдірмеуге тырысып, қатынасқа ашық түспейді екен. Тек бір оншақты рет не одан көп сөйлескенде ашылды не мүлде ашылмауы мүмкін. Олармен жұмыс істейтін психологтар мен тәрбиешілердің басты қиындықтардың бірі осы. Бұл «госпитализация» ауруы деп аталады екен. Қазақ жерінде бұл 20 ғ-дың 20-30 жылдарынан бастап пайда болыпты. 

 



657
  • Назым Исмаханбет Назым Исмаханбет 06 октября 2010, в 11:09:18
    Иә, мені де осы мәселе қатты қинап жүр. Досым бар. Балалар үйінде тәрбиеленген. менің оған достығым да, көңілім де шынайы. Бірақ ол менің кез-келген сөзіме күмәнмен қарап, маған түсініксіз әрекеттер жасайды. Соңғы кезде ол ішкілікке салына бастады… Себебін ешкімге айтпайды. Менен мас кезінде телсоғып қатты жылап, көмек сұрайды, бірақ ертесіне ол туралы сөйлескісі келмейді. Менің оган көмектескім келеді. Бірақ неі стеу керек екенін білмеймін… Психологиясы мен үшін өте күрделі…
    ответить
  • Назым Исмаханбет Назым Исмаханбет 06 октября 2010, в 11:10:26
    Пост үшін рахмет, көп нәрсені ұқтым, әрине бұрыннан білетінмін бірақ дәл сіз секілді сауатты жеткізген әлі ешкімді көрмедім!!!
    ответить
  • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 06 октября 2010, в 11:11:12
    мен бұндай жағдайдан хабарсызбын… бірақ, балалар үйінде тәрбиеленгендердің күрделі психологиясы болатынын естігенмін, оқығанмын… тіпті, өмірімде бір ғана жағдайды басымнан да кешіргенмін… :)))
    ответить
  • Бакытжан Копжасаров Бакытжан Копжасаров 06 октября 2010, в 11:34:25
    Осы мәселе үстіне «ерке жетімдерді» қосайық. Менім өз тәжірбемнен жаман статистика бар. Кейбір конкурсы аз оқу орындарында 50% пайызға дейін контигенттер «ерке жетімдер» олармен жұмыс істеуде жеңіл емес.
    ответить
  • Нургуль Токаева Нургуль Токаева 06 октября 2010, в 12:14:57
    жет3мдермен жумыс қиын ең алдымен өзіннің таза жаннмен оларға келгенінді көрсету қажет, содан кейін қана ашылулары болуы мүмкін
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться