* Meirzhan  >   Біртүрлі күн

Біртүрлі күн

rss * Meirzhan 7 октября 2010
* Meirzhan
 

Бүгінгі күн шынында да біртүрлі болды.

Ең алдымен жеке жоспарларды салу үшін дүкеннен екі қағаз салғыш (файлдық папка) алған болатынмын. Ақшасын төлеген кезде сатушы ақшаны дұрыс көрмей, ақша қалдығын (сдачаны) дұрыс берген жоқ. Мен ол әдейі істеп тұр ма деп сатушыға қарадым. Бірақ оның жүзінен қалжыңның ізі жоқ екенін байқап, біраз сөз таластырып ақшаны дұрыс қайтарттым. Содан кейін қоғамдық көлікке отырғанымда да кондуктор-қыз маған ақшаны дұрыс бермеді, тағы да ескертуге мәжбүр болдым.  Қыз ұялып менімен дұрыс есеп қайырысты. Кешке жақын банкке барғанымда менің карточкамдағы мен туралы мәліметтерді менеджерлер қате енгізіпті. Сөйтіп бүгін қызмет көрсету салаларының қызметкерлерінің олқылықтарына куәгер болдым.

 

Әрине бұл КазТаг және тағы басқа ақпарат агенттіктерінен беретін маңызды ақпараттар емес, дегенмен де бір құбылыстың бір күнде үш мәрте қайталануы (дежавю сияқты) сәл  ойландырды. Осы кезде есіме Мұхтар Шахановтың бір өлеңі есіме түсіп отыр. Онда мынадай өлең жолдары бар-тұғын: 

Байқаймысың, байқаймысың,

Мына ғажап тамашаны,

Бір адамға байланысты бір адамның болашағы...



164
  • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 08 октября 2010, в 10:13:29
    дұрыс айтасың… закон подлости)))))
    ответить
  • Назым Исмаханбет Назым Исмаханбет 08 октября 2010, в 11:17:21
    Иә, сондай өлең бар… есімде… Мәкең қатырады ғой… Сіздің басыңыздағы оқиғаға таңданбаймын. Өткенде мен де жынданып алғанмын. Демалыс күні болатын. Үйдегілер базарға азық-түлік алып келуге барайық деді. Онысын бір күн бұрын маған айтса болады ғой… Жарайды, енді қалай бас тартасың, келе сала алдын-ала келісіп қойғандықтан асығып театрға бара жатырмын. Оның қайда екенін өзім де білмеймін. автобусқа отырып, кондукторға ескерткем, өтіп барып ұмытыыып тұр ғой. Театрдын алдында күтіп тұрған қара қатқан күйі қатты біраз. Оның үстіне Астананың суығында адм күту дегеніңді қойсайшы. Дегенмен жігіт шыдамды болып шықты. Түрінен ашуланғаны білінбеді. Сені адасып кетті ма деп қорқтым деп қояды. алып кетпегенімді енді ойладым деп… кеш қалды бірақ
    ответить
    • * Meirzhan * Meirzhan 08 октября 2010, в 14:14:02
      Иә, осылай біреуді сарыла күткенде талай ойларға шомып, қиялдайтын болады.
      ответить
  • Бакытжан Копжасаров Бакытжан Копжасаров 21 октября 2010, в 16:32:13
    Дәл солай жол болмаған күнге «жолболғыш» күндерде болат
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться