* Meirzhan  >   Сумо жайлы...

Сумо жайлы...

rss * Meirzhan 19 октября 2010
* Meirzhan
 

Әр елдің өзіндік спорт түрі болады. Оны ұлттық спорт деп атайды. Мәселен жапондық «Сумо» күресін алайық. Ол ғасырлар бойы жапон аралдарында дамып келе жатқан мәдениет көрінісі. Негізінен жапондықтар сумоға спорт есебінде ғана емес, атадан балаға мұра боп келе жатқан үлкен мәдениет нышаны ретінде қарастырады. Сумошылар, төрешілер мен қызметшілердің киген киімдері, жүріс-тұрыстары, сөйлеген сөздері…мұның барлығы жазылмаған ережелермен сәйкес келеді. Бұдан жапондық менталитеттің иісі аңқып тұрады. Жапонияда көшеде суматориды көргенде адамдар оған қолмен тигізуге тырысады екен. Олардың денелері ауруларды емдеп, денсаулық береді деп саналады. Бұл ұлттық спорт жапондықтардың ұлтжандылығын ғана көрсетпей, сонымен қоса ұлттық бет-бейнесін сақтаудағы құралдардың бірі болып табылады. Табыс көзі де әрине. Халық бұл спорт түріне үлкен көңіл бөлгендіктендемеушілер, делдалдардың жұмысы да баршылық. Қанша дегенмен жаһанданудың ызғары да мұнда сезіледі. Жапондық төл спортына көңіл бөлінгенмен бұл елде американдық бейсбол номер бірінші спорт саналуда. Тіпті сумошылардың өздері бейсбол ойындарына бәс тіккені осы 2010 жылдағы сумо әлеміндегі басты жаңалықтары болды. Мәселен «озеки» ретінде сумода өнерін көрсетіп жүрген Kotomitsuki («Қуаныш»)атты палуан тотализаторларға ақша қойғаны үшін бұл спорттан мүлде алыстатылған болатын. Айта кететін жәйт, соңғы жылдары бірінші орындарда ұлты жапондық емес сумошылар бірінші орындарды алып отыр. Банзукеде яғни рейтингте қазір бірінші орында Монғолияда туып өскен ұлы чемпион «Хакухо» тұр. Суматорилардың көбі осы елден, сонымен қоса Грузия, Осетия, Ресей, Корея, Болгария елдерінің спортшылары да қатысуда. 
 

 



254
  • Жанасыл Болатбек Жанасыл Болатбек 19 октября 2010, в 09:23:36
    Жапондар мықты халық қой! Жер бетінде қандары таза сақталған осы жапондар ғана шығар. Өткенде бір спорттық арнадан көргенмін сумоны. сен айтқандай басқа ұлт өкілдері көп екен.
    ответить
  • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 19 октября 2010, в 09:41:42
    қызық екен… мен Сумоның чемпионы моңғолиялық екенін білмеппін :)
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться