* Meirzhan  >   Мен және музыка...

Мен және музыка...

rss * Meirzhan 20 октября 2010
* Meirzhan
 

Мен және музыка.
 Музыка – құдіретті күш. Біз оны айтпай-ақ тыңдау арқылы түсінеміз. Ғалымдардың зерттеуінше ол адамдардың көңіл-күйіне, физикалық қалпына (қан айналымы?), мінезіне әсер етеді дейді. Мұнымен келіспеуге болмайды. Классикалық музыканы тыңдау талғам үшін ғана емес, жалпы адам үшін өте пайдалы дейді. Әсіресе жүкті әйелдерге нәресте үшін осындай саздарды көп тыңдау керек. Классикалық музыкаға мен ұлттық әуендерді қосушы едім. Ол да біз үшін классика. Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы тыңдаған. Сөздері де мағыналы. 
 Музыканы өзіммен байланыстырсам. Мен орыс не ағылшын тілдеріндегі музыканы тыңдасам оны толық қабылдай алмайды екенмін. Кейбір ырғақтарды ұнатқаныммен, біртүрлі жатсынып тұрамын. Кейбірлері тіпті құлаққа түрпідей тиеді. Ал қазақша әндерді тыңдаған кезімде сөзбен жеткізе алмас сезімдерге бөленіп, толық ыстық ықыласпен қабылдаймын. Маған «Музарт», Қайрат Тунтеков, Қайрат Нұртас, Ғаділбек Жанай, Жігіттер квартеті, Жұбаныш Жексенұлы, гитарамен ән айтатын Нұрмышева және т.б. орындаушылардың әндерін тыңдаған ұнайды. Ол әндердің сапалылығынан ған емес. Себебі бір жағынан әрбір әнді алатын болсақ, оны менің өмірімдегі белгілі бір кезеңдермен, оқиғалармен байланыстыруға болады. (Ностальгия). Мәселен, Қайрат Нұртастың «Арман, адастырмай мені қоя тұр» деген әнін естігенде есіме 1-курс, Алматыға барғаным (тұңғыш рет сол әнді сонда естідім) есіме түседі. Қайран күндер, сайран күндер… Сол сияқты «Ол көктем оралмайды», «Кездер-ай», «Кел», «Қимаймын сені» және т.б. әндер еске көп нәрсені түсіндіреді. Өткен өміріңді еске түсірудің бір жолы осы. 

 



1063
  • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 20 октября 2010, в 15:57:54
    музыка шынында құдіретті күш… :)
    ответить
  • Ақтөбелік Нұржан Ақтөбелік Нұржан 20 октября 2010, в 16:02:55
    толықтай келісемін.
    Өзімнің қазіргі жағдайыма (көңіл-күйіме) сай келетін әндерді күн ұзағына қақсалай жүретінім қасымдағыларға ұнай бермейді ;)))
    Сосын, тілге қарамаймын. Бастысы өзім түсінетін тілде болса болды!
    Постқа +1!
    ответить
    • * Meirzhan * Meirzhan 20 октября 2010, в 16:09:18
      Иә, иә. Ондай жағдай менде де болады. Қасымдағылар құдай үшін ойландыратын, жыларман әндерді қоспашы деп жалынады.
      ответить
  • D N D N 20 октября 2010, в 16:21:06
    Неге екенін білмеймін, бірақ орыс тіліндегі әндерді естісем, оны тез сөндіріп, басқа әнге ауысқым келіп тұрады. Ал қазақшадан маған тек патриоттық әндер ұнайды. Лирикаға біздікілер онша тартпайтын сияқты))
    ответить
    • Мейіргүл Оңғарова Мейіргүл Оңғарова 20 октября 2010, в 21:42:00
      Қазақтың әндері тұнып тұрған лирика ғой…
      ответить
  • Қуат Беркінбай Қуат Беркінбай 20 октября 2010, в 16:22:58
    Шәмшінің әндеріне не жетсін...

    Бала күнімде әкем мен оның жолдастары бір бірінің үйлеріне көп қыдыратын. Барған жерлері думан болушы еді. Гитарамен, домбырамен, мандолинмен 60-70-80 жылдардың әндерін айтатын. Сол кездердегі айтылған әндерді бала күнімде естігендіктен мәңгі бақи санамда қалып қойды. шетелдің музыкасын қанша тыңдасам да сол әуендерге қайтып келе берем…
    ответить
  • Жанасыл Болатбек Жанасыл Болатбек 20 октября 2010, в 17:44:52
    Қалай екенін қайдам жаңа шыққан өлеңдер алдымен Түркістанның базарларында пайда болады. Соның бірі студент кезімде Қайрат Нұртастың «Арман» әні шықты. Қолыма түсе салысымен отбасылық суреттерден клип жасап, ауылға алып келдім. Бәріне ұнады, әні де суреттері де. Содан ауыл ішінде таралып бір күні Жетісай қаласы жақтағы бір танысыма да барды. Қызығы ол жақта ол ән әле шықпаған екен. Әнді тыңдаған адамдар басып бер деп жабысып, тіптен кей бірі сатып алыпты.
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться