* Meirzhan  >   Бекболат Тілеухан.

Бекболат Тілеухан.

rss * Meirzhan 21 октября 2010
* Meirzhan
 

Бұл есімді мен тұңғыш рет аудиокассетаның сыртқы мұқабасынан білдім. Ол кассетаны маған кішкентай кезімде бір үлкен кісі берген-тұғын. Онда жазылған әндерді мен ұйым тығдаған едім. Олар «Елім менің», «Жорғатай», Ақтамберді, Доспамбет жыраудың жыр-термелері (Күлдір-күлдір кісінетіп). Одан кейін «Елім менің»  әнінің бейнебаяны шықты. Естеріңізде шығар, әскери өмір, патриотизм жайлы… Сол клиптың әсері қатты болған еді. Одан кейін есейе келе бұл орындаушының өімірі туралы хабардар болдым. Оның 86-жылғы дүрбелеңдерге қатысы бар екенін, бірінші мамандығы инженер болғанымен, екінші мамандығы — жыршы, термеші, сазгер. Консерваторияда оқыған екен. Соңғы кезде оны теледидардан көріп, көсемсөз шебері екенін де аңғардым. Қысқасы жан-жақты тұлға. 

 Көзбе-көз мен ол кісіні 1-курста оқып жүргенімде көрдім. Наурыз мерекесінде әрбір мекеме, ЖОО-дары орталық алаңға киіз үй тігеді емес пе. Мен де өз киіз үйіміздегі сахналанған қойылымға қатысқан едім. Сол кезде қонақ ретінде қала әкімімен бірге Бекболат ағамыз келді. Әрине сөз сөйледі. Сөз сөйлегенде қандай, жай сөздер емес, терең ойлы асыл, маржан сөздерді төкті-ай келіп. Қайран қалдық.

Ескі самсунгпен түсірілген сурет. Ағамыз тарихи тұлғалар портреттерінің қасында тұруы тегін емес шығар.

Ал қазір ол кісі кезіндегі Мұхтар Шаханов пен Амангельді Айталы сияқты қазақтың руханиятына қатысты мәселелерді парламент мінберінде көтеріп жүр. Дарынды адам кез-келген салада да дарынды.

 Ғаламторда namys.kz сайтында ол Бекболат Тілеуханның редакциялануымен шығарылатын журналдың материалдары жарық көріп тұрады. Оқыңыздар, қызықты да ғибратты. 



437
  • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 21 октября 2010, в 16:32:04
    иа, ол кісімен келіспеуге де, не оның айтқандарын қалтқысыз қабылдауға да, онымен дауласуға да, келісуге де болады… бір нәрсе анық — ол өз ұстанымы бар және сол ұстанымынан қайтпайтын қайсар адам екені ғана. Сондықтан, ол кісіні айтылған көзқарасы мен пікірі үшін емес, оның позициясынан таймай жүргеніне бола құрметтеу керек.
    ответить
    • Жанасыл Болатбек Жанасыл Болатбек 21 октября 2010, в 17:59:49
      нақты қандай пікірлеріне келіспейсің?
      ответить
      • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 22 октября 2010, в 09:54:54
        маған ол кісінің көп нәрсеге жақсы не жаман тұрғысынан (ақ пен қара) қарайтындығы, көп нәрседен тыйым жасап құтылуға болад деп есептейтіндігі(ал тыйымды жеміс тәтті болады деп Овидий айтқан), бұл енді фильмдерге қатысты көзқарасы… сосын, ол кісінің кейде радикалды көзқарастарын да байқап қаламын :) ал ондай позициямен өз басым түбегейлі келісе алмаймын, кез- келген қоғамда компромисске келуге болады :)
        ответить
        • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 22 октября 2010, в 09:56:37
          бірақ ертедегі антик философтарының аузынан шығып, мәуелі сөзге айналған «Платон менің досым, бірақ ақиқат қымбатырақ» дегенін ғана айтуға болады… :)
          ответить
  • Бакытжан Копжасаров Бакытжан Копжасаров 21 октября 2010, в 16:42:16
    Қаншама құлақ түріп жүрсемде Бекболат ағамыз туралы ешқандай ақпарат алмаптым, есте болат
    ответить
    • Жанасыл Болатбек Жанасыл Болатбек 21 октября 2010, в 18:01:14
      youtube.ru осы жерден көптеген әңгімелерін тыңдай аласың.
      ответить
  • ............ .................. ............ .................. 21 октября 2010, в 17:08:21
    АЛ маған ол кісі ұнамайды. Себептері өзіме ғана аян. Жалғаспен келісем, оны позициясынан таймай жүргеніне бола құрметтеуге болады.
    ответить
    • Жанасыл Болатбек Жанасыл Болатбек 21 октября 2010, в 18:17:04
      не үшін? нақты айтсаңыз? Және бұл кісіні қаншалықты жақсы танисыз?
      ответить
  • Жанасыл Болатбек Жанасыл Болатбек 21 октября 2010, в 18:04:30
    Мен үшін нағыз қазақ халқына жан тәнімен қызмет ететін азамат. Бекболат секілді азаматтарымыз көбеймей қазақтың ұлттық құндылықтары ешқашан қорғалмайды, түгелденбейді.
    ответить
  • * Meirzhan * Meirzhan 21 октября 2010, в 20:02:13
    Ал мен ол кісіні толық қолдаймын.
    ответить
  • Қуат Беркінбай Қуат Беркінбай 22 октября 2010, в 11:43:19
    менің жеке пікірім бойынша: бұл кісінің ұлттық тұрғыдағы пікірлерін құрметтей отырып, өзі айтып жүрген сол қателіктерді өзі арасында жүрген билік жасап жатқанын көрсе де көрмегендей болуы, келеңсіз оқиғалар айдаладан келіп жатқандай сөйлеуі. осынысы үшін құрметтемеймін.
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться