* Meirzhan  >   Debates...

Debates...

rss * Meirzhan 22 октября 2010
* Meirzhan
 

Пікір-сайыс — ережелермен шектелген пікір-талас. Бұл интеллектуалдық ойын әсіресе оқушылар және студенттер қауымы арасында кеңінен танымал. Пікір-сайыс әр-түрлі форматтарда жүргізіледі. Карл Поппер форматында ойыншылар жақтаушы және даттаушы болып екі топқа бөлінеді. Әр топта 3 ойыншыдан: 1-спикер — кейсті түсіндіруші; 2-спикер — қарсылас кейсін талқандаушы; 3-спикер — ойынды қорытындылап, сараптама жасаушы. Мектеп оқушылары осы форматта ойнайды. Американдық Парламенттік формат: 2 топ, 2 ойыншы. Һүкімет тобы: премьер-министр және министр; Оппозиция тобы: оппозиция лидері және оппозиция мүшесі. Студенттер ойнайтын формат.

Бұлардан басқа Линкольн-Дуглас, Британдық Парламенттік формат дегендер де бар. Бірақ олар сирек ойналады. 

 

 Пікір-сайыста кімнің жеңгенін төреші анықтайды.

 Қазақстанға бұл ойын алғаш 1995-1996 жылдары келді. Бұған көп үлес қосқан «Сорос-Казахстан» болды. Республиканың түкпір-түкпірінде мектеп, ЖОО-нда дебат клубтары ашылды. Бұл ойынның кең қанат жаюына қаржылық көмек беріп, ұйымдастырған «Сорос» қоры болды. Ал қазіргі кезде ұйымдастыру функциясын студенттер атқарса, қаржы жастар саясатына бөлінетін ақшадан, яғни мемлекеттен алынады. Қалалық, облыстық, республикалық турнирлер өткізіліп тұрады. 

 Пікір-сайысқа қатысу арқылы адам өзінің шешендік өнерін, логикалық, аналитикалық, сыни ойлауын (critical thinking?) дамытады, білімін толықтырады

 

 Бұл суреттен пікір-сайыс қызыл кеңірдек боп айтысу деп ойлап қалмаңыздар.

 



1508
  • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 22 октября 2010, в 14:33:29
    Мен мектепте 11-сыныпта, ал универде 1 және 2-курстарда қатысқанмын… мектепте позиция-оппозиция болатын, ал универде Поппердікімен таластыратынбыз… негізі, пайдасы шамалы нәрсе! :) бірақ, шынында адамның бойында көп қабілеттерді дамытады.
    ответить
    • * Meirzhan * Meirzhan 22 октября 2010, в 15:40:30
      Дебатер екенсің ғой. Мен 4 жыл қатыстым, бірақ енді қатысуым ұят сияқты. Турнирлерге қатыстың ба?
      ответить
      • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 22 октября 2010, в 15:42:58
        мектепішілік пен универішіліктерден сыртқа шықпағанмын… :) менікі жай қызығушылық еді!
        ответить
        • * Meirzhan * Meirzhan 22 октября 2010, в 15:45:56
          оның өзі жақсы. Кейбірлер дебаттың не екенін де білмейді.
          ответить
          • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 22 октября 2010, в 15:47:26
            аха… сол дебаттың формасын осы жерде қауымдастықта қайта жаңғыртса болады… жазбалармен пікір таластырып… идея қалай?
            ответить
            • * Meirzhan * Meirzhan 22 октября 2010, в 15:52:15
              идея күшті. Бірақ пікірталас былай да комменттерде бар емес пе? Өзекті тақырыптар алып, қызу пікірталастар болсын десең, сен баста мен қостайын. Мұнда бізден басқа де дебатерлер бар.
              ответить
              • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 22 октября 2010, в 15:56:31
                келістік :) мүмкін сен де бастап көрерсің? :)
                ответить
                • * Meirzhan * Meirzhan 22 октября 2010, в 16:03:44
                  бастаушы едім. Бірақ менің қасымда сен интернеттің патшасы емеспісің?
                  ответить
                  • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 22 октября 2010, в 16:05:21
                    пікірталастыру үшін интернеттің патшасы болу керек емес шығар :)
                    ответить
                    • * Meirzhan * Meirzhan 22 октября 2010, в 16:59:21
                      Қауымдастық ашу үшін керек.: ).
                      ответить
  • Қуат Беркінбай Қуат Беркінбай 22 октября 2010, в 14:56:44
    танымдық посттар шеруін жалғастырғаның үшін респект бырат! )))
    ответить
    • * Meirzhan * Meirzhan 22 октября 2010, в 15:32:03
      Қазақша материал тым аз сияқты. Іздегенің алдынан іздемей-ақ табылар дейтін google-дан біреу мұны тауып керегіне жаратсын деген ниет қой.
      ответить
  • Нургуль Токаева Нургуль Токаева 22 октября 2010, в 16:56:38
    хехех кунделикти омир ози дебат емес пе? )
    ответить
    • * Meirzhan * Meirzhan 22 октября 2010, в 17:01:07
      Иә, иә. Бірақ пікір-сайысшылар айтпақшы: «Debates larger than life».
      ответить
      • Нургуль Токаева Нургуль Токаева 22 октября 2010, в 17:05:29
        потому что сколько людей столько и мнений((
        ответить
        • * Meirzhan * Meirzhan 22 октября 2010, в 17:18:43
          Это точно.
          ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться