* Meirzhan  >   Стритрейсинг немесе қазіргі күннің бәйгесі.

Стритрейсинг немесе қазіргі күннің бәйгесі.

rss * Meirzhan 23 октября 2010
* Meirzhan
 

Street racing, яғни көше жарыстары Форсаж кинолары шыққаннан бері әсіресе танымал болып кетті. (2006 жылы қалта телефондарының хиты болған Tokyo Drift әні есіңізде ме? Әннің басында темір бен темірді соққан сияқты естілетін ән ше?! )
 Ал негізінде бұл уақытты қызықты өткізу түрі АҚШ пен Жапонияда ең алғаш шыққан болатын. Кейіннен бұның drug, сүйретілу т.б. түрлері пайда болды. Кейінгі кезде ТМД елдерінде де тарала бастады. Қазір бұны легализациялау мәселесі тұр. Қарапайым көлік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қауіп туғызбас үшін арнайы автодромдар құрылуда. Тіпті кей жерлерде федерациялар да бар. Бұл жарыстар шынын айту керек көбіне байдың балаларының ермегі. Себебі тюнинг жасау аз ақша тұрмайды. 
 Өз басым компьютерлік ойындардағы Need for Speed сияқты ойындарды ойнағанды өте жақсы көремін. Ал өмірде қалалық жерлерде 60-тан асыруды бассыздық санаймын. Өз басым мұны ерлік дей алмаймын, бұл ессіздік. Мұхтар ағамыз айтпақшы құлай сүю, міне нағыз ерлік!
 Төмендегі суреттер сіздерге біраз ой салады деп ойлаймын. Street racing әдемілігі мен қас-қағым сәттегі өлім.

                                                                                           

 Ойыннан от шығады деген осы ма?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

P.S. Жас стритрейсерге:
Неменеге жетістің бала батыр, 
Стритрейсерлер азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің көлігіне,
Бірі күтіп әнеки, трассада тұр. – десем бола ма, болмай ма.



  
  



359
  • Қуат Беркінбай Қуат Беркінбай 23 октября 2010, в 18:51:42
    Аха, тәуелсіздігін ала салып, жан жаққа еліктегіш болып кеткен, рухани хаостағы ТМД елдері бұл субмәдениетті тез қабылдап, бұл үрдіс қазір белең алып, мәдениеттің жеке бір түрі ретінде қалыптасты.

    Өмірді тек ақшаның көлемінде өлшейтін, батыстық қаржылық идеясымен өскен «жаңа» қазақтардың балаларын бұл суреттер тоқтата алмайды. Қалтасында ақшасы бар ма? Бар. Астында «суперкары» бар ма? Бар. Онда Go Go!
    ответить
    • * Meirzhan * Meirzhan 23 октября 2010, в 19:08:13
      О субмәдениет. Осы сөзді ұмытып отыр едім. Басқа субмәдениеттерді қабылдап жатыр ғой. «Жабайы» капитализмге кліп.
      ответить
      • Қуат Беркінбай Қуат Беркінбай 23 октября 2010, в 21:24:25
        Сіздің «жабайы капитализміңізді» мен былай деп толықтырар едім:
        Шығыстық — орта азиялық менталитеттегі посткеңестік, тоталитарлық тізеге салушылығы көп, рухани хаостағы саяси жүйеде қалыптасып жатқан, шикізаттық бағыттағы «жабайы» капитализм!
        ответить
        • * Meirzhan * Meirzhan 24 октября 2010, в 05:04:07
          «Шығыстық — орта азиялық менталитеттегі посткеңестік, тоталитарлық тізеге салушылығы көп, рухани хаостағы саяси жүйеде қалыптасып жатқан, шикізаттық бағыттағы «жабайы» капитализм!» бұның бәрі шын болса жағдайымыз қиын екен. Әдеби шедеврлер қиын-қыстау заманда туындамаушы ма еді? Сонда жазуышларға қазіргі уақыттың шығармасын жазуға не кедергі? Мен Дидар Амантайды ғана оқыппын. Қазіргі кезден. Бірақ бұл басқа тақырып.
          ответить
          • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 26 октября 2010, в 09:32:43
            бірақ, маңызды тақырып — мойындау керек! Ал стритрейсерлер туралы өз басым фильмдерден көргенімнен басқа ештеңе білейді екенмін. ақпаратыңа рахмет :)
            ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться