* Meirzhan  >   Радио, радио, радиосы қазақтың...

Радио, радио, радиосы қазақтың...

rss * Meirzhan 25 октября 2010
* Meirzhan
 

Соңғы 2 жылда өзімнің бойымда ұлттық сана-сезімнің ұйқысы кете бастағанын сезіндім. Мүмкін, бұл елдегі өзгерістерге байланысты шығар, мүмкін оқуыма байланысты. Бұған ерекше әсер еткен БАҚ ішінде қазақ радиосы мен шалқар радиосы. Бұл радиолар ұлтжандылығымен, руханилығымен, танымдық бағдарламалардың көптігімен, мақсатының айқындылығымен ерекшеленеді. 2008 жылы форматтардағы өзгерістерден кейін аудитория кеңейе түсті. Әсіресе жас тыңдармандармен толықты. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін тікелей эфирлер тыңдармандардың назарын өздеріне аудартпай қоймады.

 Осындай бағдарламалардың бірі Дүйсенбі және бейсенбі күндері 21.00-ден 22.00-ге дейін жүргізілетін «Алғыр қазақ» ойыны. Жүргізушісі Ерлан Рысқали. Дәстүрлі қазақ әндерін орындаушы. Операның атақты әлем жұлдызы Плачидо Доминго қазақтың жезтаңдай әншісінің даусына тамсана отырып, Италияға шақырған болатын. Бір жағынан италиян және қазақ әндері, орындау мәнерлері ұқсас келеді. Әншілігімен қоса, осылайша Ерлан Рысқали тікелей эфирді еркін жүргізетін журналист ретінде де танылып жүр. Бағдарламада хабарласқан тыңдармандарға қазақтың әдебиеті, тарихына, дінге байланысты сұрақтар қойылады. Үш айналымнан өткен ойыншыға радио тарапынан ән-жинақ не кітап түрінде сыйлық, сонымен қоса алғыр қазақ атағы беріледі. Осылайша бұл бағдарлама халықты терең білімді, діни сауатты болуға ынталандырады. 

 Сазды сәлем құттықтау бағдарламаларында елдің түкпір-түкпірінен телефон шалып, қуаныш иелерін құттықтау мүмкіндігі бар. 

 Әр сейсенбі 23.00-де өтетін «Махаббат аялдамасы» бағдарламасында белгілі тақырып аясында пікір білдіріп, өнерін көрсетіп, сұрақтарға жауап беруге болады. Жүргізушісі Жазира Амантайқызы. Бағдарлама қатысушылардың ойларын білуге, сөйлеу мәдениеттерін дамытуға бағытталған. Шарт бойынша 1-ші хабарласқан тыңдарман барлық кішігірім сындардан өте отырып, ойын бойы өзінен кейін хабарласқандарды тыңдайды. Хабарлама соңында көңілінен шыққан қатысушыны анықтайды. 

 Музыкалық фонда өлең оқылатын бағдарламалар топтамасы өлең сүйер қауым үшін өте қызықты. Мұнда халыққа танымал да, енді ғана ақындық жолына түскен ақындардың да өлеңдері оқылады. 

 Радио жұмысында журналисттермен қоса, sound-сазгерлердің еңбектері де көрініп-ақ тұр. Айта берсе, қызықты да, рухани әрлендіретін, нәрлендіретін, байытатын бағдарламалар көп-ақ. Естір құлақ болса болғаны. Мүмкін қазіргі уақытта сіз үшін пайдалы дүниелер беріліп жатқан шығар. Көзіңіз интернетте болса, құлағыңыз радиода болсын. Cnock, cnock neo… Go and include kazakh radio.

     

      

       

        

          

Ерлан Рысқали және Плачидо Доминго

P.S. Ерболаттың "қазақ радиолары" деген өлеңін естідіңіз бе? 

 Міне біздің радио, радио, радио,

Міне біздің радио, керемет радио,

Тыңдаушының құлағына алтын сырға,

Радиомыз сегіз қырлы, бір сырлы екен.

Міне, міне, міне, міне, міне...-десем бола ма, болмай ма?!



1838
  • Мейіргүл Оңғарова Мейіргүл Оңғарова 25 октября 2010, в 20:49:28
    "Қазақ радиосынан" халық әндері беріліп жүр. Керемет енді)))
    ответить
    • * Meirzhan * Meirzhan 25 октября 2010, в 20:55:38
      Ұлттық музыка, дәстүрге шөліркеген сәттерде қазақ радиосын тыңдағанға не жетсін. Қазір Алғыр қазақ болады.
      ответить
      • Мейіргүл Оңғарова Мейіргүл Оңғарова 25 октября 2010, в 21:04:02
        Ол қандай бағдарлама?
        ответить
        • Мейіргүл Оңғарова Мейіргүл Оңғарова 25 октября 2010, в 21:06:41
          өзім-ақ тыңдар ем, наушнигім қазір қасымда болмай тұрғаны)))
          ответить
          • * Meirzhan * Meirzhan 25 октября 2010, в 21:12:12
            Посста бар ғой бағдарлама туралы. Радиода қазір не айтып жатқанын коментте жазып тұрйын ба?
            ответить
  • Rose ... Rose ... 25 октября 2010, в 22:13:14
    Keremet insha Allah ar kazakka en az sizge aser etkendei, aser berse goi, shirkin…
    ответить
    • * Meirzhan * Meirzhan 25 октября 2010, в 22:42:17
      «Дін және біз» деген хабары кезінде діни сауатымның ашылуына септігін тигізген болатын.
      ответить
      • Rose ... Rose ... 26 октября 2010, в 00:33:12
        Masha Allah. muftyat.kz nemese ummet.kz saittarnanda kop narseler uirenuge boladi.
        ответить
        • * Meirzhan * Meirzhan 26 октября 2010, в 00:39:14
          Рахмет. Интернетте күмәнді нәрселер көп болады емес пе? Сондықтан кейде сайттағы мәліметтерді сараптан өткізу керек.
          ответить
          • Rose ... Rose ... 26 октября 2010, в 00:43:04
            KMDB'nin saiti senimdi sait kumandanbaniz
            ответить
            • * Meirzhan * Meirzhan 26 октября 2010, в 00:45:47
              ummet.kz «Нұр-астана» мешіттікі екен. Сізге сұрақ ҚМДБ-нің асыл арнаға көзқарасы түзу ме?
              ответить
              • Rose ... Rose ... 26 октября 2010, в 00:49:19
                Asil arna turali habarim az, birak biluimwe ia, durus.
                ответить
                • * Meirzhan * Meirzhan 26 октября 2010, в 00:54:31
                  Рахмет. «Сол көп күмән тудырады көк тұман» — болмауы үшін мәліметті сенімді ақпарат көзінен алу керек.
                  ответить
              • Rose ... Rose ... 26 октября 2010, в 00:51:30
                Asil arna turali ne bilesiz? Bilgeninizbe bolise alasz ba?
                ответить
                • * Meirzhan * Meirzhan 26 октября 2010, в 00:58:58
                  Білетінім айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабековтың бастауымен ашылған. Сайты бар. Түрлі өсектер көп қой қазір. Солар негзді бе білмеймін? Шынын айтсам өзім де сол арнаны көре алмай жүрмін.
                  ответить
                  • Rose ... Rose ... 26 октября 2010, в 01:02:44
                    Estuimwe mazhab koldanbaidi eken. Birak kanwalikti durus bilmeimin. Insha Allah bulda bireudin osegi bolsn. Allah hidayatimizdi arttirgai
                    ответить
                    • * Meirzhan * Meirzhan 26 октября 2010, в 01:06:17
                      Иә, өсек қана болсын. Себебі «Асыл арнаны» қанша кісілер көріп отыр, әсері күшті. Мен өзім Мұхамеджан ағамызға сенемін.
                      ответить
  • Бакытжан Копжасаров Бакытжан Копжасаров 25 октября 2010, в 22:45:06
    +1 Қазақ радиосын естімегеніме көп болыпты, мүмкіншілік болғанда тыңдап көремін
    ответить
    • * Meirzhan * Meirzhan 25 октября 2010, в 22:53:21
      Тыңдаңыз, өкінбейтініңіз анық.
      ответить
  • fanta fan fanta fan 06 ноября 2010, в 13:26:30
    ara tura estip turamyn ................qazaqtyn radiosy...............!!!
    ответить
    • * Meirzhan * Meirzhan 06 ноября 2010, в 14:11:07
      Қазақтың руханиятына шын еңбек сіңіріп жатқан медиалардың бірі.
      ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться