* Meirzhan  >   20 ғасырдың басындағы блогшылар

20 ғасырдың басындағы блогшылар

rss * Meirzhan 26 октября 2010
* Meirzhan
 

Осы қазіргі интернеттің жақсы тұстарын, мысалы блог туралы ойланып отырып, мынадай ойға келдім. 20 ғасырдың басындағы газет-журналдарды оқысақ, ұлт зиялылары өз пікірлерін «Қазақ», «Айқап»-тарда жариялап тұрған екен. Содан кейін бір-біріне қарсы шыққан пікірлерде жазып тұрды. Ойлағаным, 20 ғ-дың басында интернет болса, Әлихан Бөкейхановтар, Міржақып Дулатовтар, Мұхтар Әуезовтер, Шәкәрім Құдайбердіұлылар және т.б. ұлт зиялылары электронды үкіметте немесе блог ашып бір-біріне пікірлер, комментариийлер, посттар жазушы еді. Уақыт жағынан да олар үшін ыңғайлы (газеттің шыққанын тосқанша), біз де қазір олардың жазғандарын оқып отырушы едік. Бұлар біз үшін тарихи дерек болушы еді. Әлихан Бөкейханов Ахмет Байтұрсыновтың постына «Жарайсың, алған бетіңнен қайтпа» десе қалай болады, ә? 

Кей кезде ойлаймын, біз Мұқағалидың күнделігін кітап түрінде оқимыз. Ал қазір біз оқып жүрген блогшылардің арасында қазіргі заманның Мұқағали, Шәкәрімдері, Жүсіпбектері бар ма екен? 

 P.S. жоғарыда келтірілген менің сәтсіз әзілдерімнің бірі. Әлихан мен Ахметтердің ойын қуып жүрмегенін бәріміз білеміз.

 

 



430
  • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 26 октября 2010, в 10:38:27
    иа, мен қазіргі заманның мұқағали, шәкәрімдерін блогерлердің ішінен кездестіруге болады деп ойлаймын… бірақ, нақ олардың өзін емес, ізін жалғастырушыларын… :)
    ответить
  • Бакытжан Копжасаров Бакытжан Копжасаров 26 октября 2010, в 11:13:17
    Блогшылар қатарына жастар қосыла берсе іштерінен дара тұлғалар шығу ықтималдылығы артат
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться