* Meirzhan  >   Қазақ тілі туралы ой-пікірлерім

Қазақ тілі туралы ой-пікірлерім

rss * Meirzhan 2 ноября 2010
* Meirzhan
 

Қазақ тілінің болашағы туралы ойлағанда біраз алаңдаймын. Оған негіз де бар. 
 Қазақ тілінің бай әдеби тарихы бар екені рас. Бірақ қазіргі кезге оған ағылшын және орыс тілдері ғылым, интернет, техника салаларында қысастық көрсетуде. Сондықтан тілімізді практикалық арнаға бұруымыз керек.
 Психологиялық астарларға үңілейік. Мәселе қазақтардың өздерінде болып тұр ғой. Қазақ тілін білмейтін қазақтар тілді үйренуге ерініп, немқұрайлы қарап жүр. Қазақ тілін білетін ұлтжанды қазақтар болса, көбі ата-баба ерліктерін ұлықтап, бос мақтанумен жүр, сөздің артында ісі жоқ. Тек олардың бір аз бөлігі ғана сөз бен істі жақындастыруда. 
 Қазіргі қоғамға әсері бар журналистердің қазақ тілді қазақтарға бағыт берулері керек сияқты. Қазақ жастары интернет, техника, коммуникация т.с.с. салаларға барсын — деп. Қазақ тілін дамытудың тиімді жолдарын ұсыну. Қазақ тілі жиналыстардың басында ғана сөйлейтін тіл емес, шын практика тіліне айналдыру үшін. 
 Тіл болашағы – біздің қолымызда. Әуелі Аллаһ.

 



3816
  • Жанасыл Болатбек Жанасыл Болатбек 02 ноября 2010, в 17:43:02
    Өзіміздің қолымызда!!!
    ответить
    • * Meirzhan * Meirzhan 02 ноября 2010, в 18:09:36
      «Бір Аллаға сиынып» демекші Аллаһ бізді қолдасын. Ниеттеріміз түзу.
      ответить
  • ЕрСерк Көшеген ЕрСерк Көшеген 02 ноября 2010, в 17:47:33
    «оған ағылшын және орыс тілдері ғылым, интернет, техника салаларында қысастық көрсетуде.» деген уәжбен келспеймн, ешбр тіл бір бірне қсастқ көрсетпейд, бар болғаны тілдің тұтушылары (носитель) осалдқ тантп өзге тілге әуейі болады. Тілдк ортаны қорғауды қолға алсақ болғаны. Ол оп-оңай: неғұрлм қазақтілді ақпар көбрек өндрліп тартлса, соғұрлм тұтнсқа көп түседі, сосн өгей тлдерге ая тарлады.
    ответить
    • * Meirzhan * Meirzhan 02 ноября 2010, в 17:55:30
      Әрине тұтынушыларға байланысты екені түсінікті. Қазақ тілі ғылым, интернет, техника салаларында аталған тілдерден қазіргі кезге дейін қалып бара жатты. Яғни, шет тілдердің мүмкіндіктерінің кеңдігі ана тілімізге сол салаларында дамуына кедергі келтірді. Ол тұтынушыларға байланысты ма, байланысты емес факттың аты факт. Сіздің айтып тұрғаныңыз себептер.
      ответить
  • Ержан Skyscraper Ержан Skyscraper 02 ноября 2010, в 18:04:22
    басқасын айтпай-ақ қояйық...өз деңгеймізде осы он.кз ортасында қазақша посттарды көбейтейік. имхо, қазіргі ара-қатынас 25-75% секілді
    ответить
    • * Meirzhan * Meirzhan 02 ноября 2010, в 18:08:27
      "Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін" демекші, бір-біріміздің пікірімізге пікір қосып, дауыс беріп, күніне 1-2-пост жазып отырайық. Сонда арақатынас өзгереді.
      ответить
      • Ержан Skyscraper Ержан Skyscraper 02 ноября 2010, в 18:21:29
        сонда күнде мереке болар еді :))))
        ответить
        • * Meirzhan * Meirzhan 02 ноября 2010, в 20:42:12
          блоггерлер бір-біріне мейірім танытса — мереке болады.))
          ответить
      • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 03 ноября 2010, в 10:20:42
        бұл идеяны осы он.кз-те қазақша блогтар пайда бола бастағаннан көтеріп келеміз… ең бастысы қазақша блог жүргізе алатындар белсенді болуы керек…
        ответить
    • Mister . Mister . 02 ноября 2010, в 22:57:21
      мен екі қолымды да көтердім
      ответить
  • Бакытжан Копжасаров Бакытжан Копжасаров 02 ноября 2010, в 18:25:20
    "Қазақ тілін білмейтін қазақтар тілді үйренуге ерініп, немқұрайлы қарап жүр." -олар бәрібір үйренбейді, үйренсе пайда табу үшін. Қазақ тілі жалауғылып ақшаға тапқан күрес жүргізу керек. Ең бірінші қазақ тілін беретін мамандардан бастау керек. Біріншіден біз сала бойынша маман емеспіз дейді, екінші жағынан тілді дамытатындай еш нәрсе істнемейді.

    Бірде бірнеше қазақ мұғалімдерін шақырып алып «аэрпорта», «көп қабатты үй құрылысында», «автотраспорттык жол абонементтін қолдану» т с с тақырыпта мазмұндама жаздырып көрдім. МАСҚАРА! Соларды жоғарғы категориялы мұғалім дейді, күнделкті өмірін сыйпаттап ала алмайды!

    Бір күні жергілікті жас жазушылар деген тақырыпта семинар сабақ болып жатыр екен. Жас жазушыларының жастарын білгенде шашым тік тұрды, елу жастағы ағалар еңбектері.

    Бірде маған білім беру мекемесіне шағымдама түсіпті қазақ тілі мұғалімдерінен, сабақ үстінде оқушыларға фантастикалық әңгіме жаздырады, оның ондай құқысы жоқ ол филолог қазақ тілі маманы емес, оқушыларға қазақ әдебиеті туралы дұрыс көзқарас бермейді өйткені онда «фантастика» жаныры жок депті.

    Масқара! Оқушылар бозбала кезінде фантастиканы жаксы корет, әрине орысша әдбиеттен оқиды, егер қазақ әдебиет мұғалімдері қазақша фантастика жоқ деп қолдарын жайып отырса.

    «Жоқ» деген сөз шыққан мұғалңм көмейіне ерітілген қорғасын құю керек!

    Тек бізде ғана, ақшасын алып отырып оқушыны алдынан оқытпай шығарат. Ондай мұғалімдерді сотқа тарту керек!

    Мұғалімдік мамандығын таңдағанда білді ғой қайда бара жатқандарын! Сосын ғана еңбек жалақысын көтеру керек!

    Тест алып мұғалім біліктілігін анықтауға болмайды. Сол қазақ мұғалімдеріне айна жиырма қазіргі заман мәселесін өтейтін шығарма мен мазмұндама жазуын міндет қылу керек әр әдебиет жанырында! Қазақ тілі оқулығы жыл сайын қайта-қайта баспахадан шығып отыру керек!
    ответить
    • * Meirzhan * Meirzhan 02 ноября 2010, в 20:51:24
      Қазақ тіліне дем беруді мектеп қабырғасынан бастау керек дейсіз ғой.
      Қазақ тілін және әдебиетін сүйіп оқыған оқушы мектеп бітіргеннен кейін үлкен қоғамдық өмірді бастағанда тілге жанашырлық етуі мүмкін. Не мектепте оқығанын ұмытып, қолданысқа ие тілге көшуі де мүмкін. Екі жол. Бірақ мұның бәрі мектептегі тілдік жағдай дұрыс болғанда ғана. Ал мектпте тіл саясаты дұрыс жолға қойылмаса ше?.. Онда жағдай мүлдем «жапония» болады… Дұрыс… мектептен бастау керек. Ол үшін мұғалімдердің тіл білулерін қадағалап, үйретіп, оларды сәл де болса тілді насихаттау жолына салу керек. Бір түйін осылай шешілетін сияқты.
      «Тек бізде ғана, ақшасын алып отырып оқушыны алдынан оқытпай шығарады» — мұны мен Наша Рашадан естідім-ау деймін.)
      ответить
  • Zhanat Ubaidullaeva Zhanat Ubaidullaeva 02 ноября 2010, в 22:23:46
    Сабыр түбі — сары алтын демекші, кешегі күнді ұмытпаңыз! Осы әлеуметтік жүйенің өзінде қарап отырсаңыз біздің жастар екі тілде сайрап тұр! Көшеде келе жатсаң барлық жерде қазақша сөйлеп жүрген ұл-қыздар! Өсіп келе жатқан балалар түгел қазақша сөйлейді. Олар өседі, ел басқарады әлі. Қазіргі қазақша білмейтіндер — кешегінің адамдары. Олар да өтеді кетеді. Сондықтан, көп сөз — боқ сөз демекші, бар күшмізді, ақыл мен парасаттылығымызды сапалы ғылымды қазақшалауға, жалпы білімді сапалы етуге, ғаламторды қазақшалауға, әлем классикасын, қазіргі заман шедеврлерін қазақшаға сапалы аударып басқа елдерден қалмай дамып отыруға жұмсау керек!
    ответить
    • * Meirzhan * Meirzhan 02 ноября 2010, в 22:28:03
      Сенім ұялата білдіңіз. Рахмет.
      ответить
    • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 03 ноября 2010, в 10:21:14
      Мына ойыңызбен екі қолымды көтеріп келісемін… :)
      ответить
  • Mister . Mister . 02 ноября 2010, в 22:56:24
    Мереке базар жоқ блогтарда мықты жазамыз біз публиканың алдында қазақша мықты сайраймыз


    Тек біздің жеңісіміз практикада, егер көшеде қазақша сөйлегенге қазақша, орысша сөйлегенге -қазақша т.б. сайрағандарға тағы да қазақша жауап қайырсақ маңызды әлеуметтік сауалдарды(денсаулық сақтау саласында, білім беру т.б.) қазақша қойып қоғамға белсенді ендірсек тек сонда ғана қазақ тілі «есіктен сығалап, көз жасын етегімен сүртпес еді»
    ответить
    • * Meirzhan * Meirzhan 02 ноября 2010, в 23:10:22
      Айтып тұрғаның қазақ тілін белсендендіру, яғни қазақ тілін білетіндердің белсенді болуы ғой. Қоғамдық мәселелерді қазақ тілінде көп көтерсе, сөйтіп қазақ тілі көп естілсе дейсің ғой. Қазақ тілді ортаны кеңейту. Ана тілімізді практикалық арнаға бұру. дұрыс-дұрыс. бұл да бір шешім.
      Қазақ тілді жастар кез-келген салада болсын басқалардан оқ бойы озып үлкен беделге ие болуын жалғастырса, сөз жоқ басқалардың оларға тартылып, қосылып, мойындап, сөйтіп тіл меңгеруіне тура келеді.
      ответить
  • fanta fan fanta fan 03 ноября 2010, в 08:25:28
    aitqandaryngyz bari durus, sizdermen birgemyn........!!!
    sonda osy on.kz di kim jasap otyr ,orystarma?olai bolsa biz munda ne qylyp jurmiz?egerde qazaqtar jasaghan bolsa qazaqcha nusqasy qaida ali kunge deiyn?
    ответить
    • Марал Ерман Марал Ерман 03 ноября 2010, в 10:44:24
      мен де осыны ойлап қоямын оқтын-оқтын…
      ответить
  • Марал Ерман Марал Ерман 03 ноября 2010, в 11:23:37
    Өзім жұмыс істейтін жерде бәрі орысша жұртқа белгілі мекеме болғанымен де. Кейде хаттар жазғанда орекемдер сөйлем құрамын басқаша орайластырып көр деп ескертулер жасап жатқанда қашан осы мен оларға ескерту жасайды екем өз тіліммен деп қатты нала боламын. Ауылда өсіп тек қазақша ойлап үйренген адамның кейде қателіктер жіберіп қойғанын байқамай да қалатын кездері болады екен орысшаға ойын аударып отырғанда… Барлығы қазақ тілінде жүргізілетін күн алыс көрінеді маған әлі. Ал, тұтынушы ретінде қызметтестермен қанша қазақша сөйлескенімізбен, қайта орысшаға аударуыма тура келеді. Өйткені, қасымдағылардың басым бөлігі орыс, кәрістерден құралған. Қазақ тілін үйрететін курс бар еді былтыр. Биыл ол да жоқ. Жоғарыдан қадағалау болмай қалған-ау, сірә. Әйтпесе бір кісідей бәрі барып-ақ жүр еді.
    Меломанға жазда бір кіріп қазақша әдеби кітап алып оқымақшы болғанымда ештеңе таппадым… Ал Меломан жастардың ең көп баратын орындарының бірі.
    Осының бәрін қадағалайтын басшылар болмағаны шығар… тілді дамытуға назар аударып жүрген.
    Жазда тағы бір қуанып қалғаным бір қала тұрғыны мекемемізге хат жазса оған орысша жауап қайтарыпты. Содан ол кісі әкімшілікке шағымданған екен. Нәтижесінде тексеру келетін боп, хаттарға қазақша жауап қайтару керек деген шешімдер болған. Ол шешімнің көмегі де жоқ бірақ. Себебі ол хаттардың бәрі аудармашы арқылы жазылады. Аудармашы бар жерде бас та ауыртудың керегі жоқ деген сөз. Ал, тексеру келген де жоқ бас кеңсемізге.
    Сөз соңында жасаған менің түйінім: бұйрық түрінде қолға алынса жұрт қимыл жасар ма еді…
    ответить
    • * Meirzhan * Meirzhan 03 ноября 2010, в 18:40:20
      Меломан сұранысқа сай жұмыс істейді. Сонда қазақ әдебиеітне сұраныстың болмағаны ма?
      ответить
  • اسجةقيعصتدش . اسجةقيعصتدش . 05 ноября 2010, в 21:31:21
    іспен шешу керек-ау бұл мәселені. Әйтпесе БАҚ-тың барлығы қазір оны жаза-жаза жауыр етіп тастады. жазғаннан бірдеңе шықса, көретін едік қой. Қазақ тілі-қазақ тілі деп барлығымыз да газет бетін талай мәрте шимайлағанбыз. тек нәтиже жоқ. меніңше, оның себебі мынада: қазақ тілді жақсы білмиейтін, сыйламайтын адамдар біз жазып жүрген қазақша баспасөзді оқымайды (пысқырып та қарамайды!). Заңды нығайту керек шығар. Ал оған бізден не шара? Жастар қазір басқа жыртығын түгендеуге басын ауыртсын (әрине, өзі қазақша сөйлесе жеткілікті). себебі тіл шешілер проблема. Біз барда, қазақ ұлты барда ТІЛІМІЗ ешқашан жоғалмайды!
    ответить
    • * Meirzhan * Meirzhan 05 ноября 2010, в 22:07:28
      Безнадежный Романтик Meir-zhan 05 ноября 2010 года
      Иә, тіл жалғыз проблема емес. Сөздеріңіздің көбі қисынды. Мәселенің бір себебін көрсеткен екенсіз: қазақ тілі деп шырылдап жүрген қазақ тілді басылымдарды тілді білмейтіндер оқымайды. Рас. Онда орыс тіліндегі БАҚ тіл мәселесін көтеру керек. Бірақ олар көбіне немқұрайлы қарайды. Себебі тілді білмегендіктен, қадір-қасиетін де түсінбейді. Дегенмен де тым болмаса интернетте орыс тілінде мемлекеттік тілді насихаттауға орысшамыз жетеді.
      ответить
  • * Meirzhan * Meirzhan 05 ноября 2010, в 22:03:07
    Комментарий удален пользователем
  • اسجةقيعصتدش . اسجةقيعصتدش . 05 ноября 2010, в 22:22:38
    қазақ тілін орысша насихаттайық дейсіз бе? Сонда қалай? о-о-о-у кеңестік кезде бізге «говори по русский!» деп діңк-діңк етуші еді. Енді біз оларға «говорите на казахском» демкпіз бе? Жо-жоқ, бауырым, орсы тілділерді қазақ тіліне мұқтаж ету керек. Мысалға, өмір сүруге қажетті құралдың барлығын да тек қазақшаға ауыстыру, қазақша сөйлеу. мейлі, билік ол заңды шығармаса шығармай-ақ қойсын, ал біз, халық, жастар өзіміз-ақ «аққұлақтарды» танауынан ұстап сүйретейік, өшкенімізді жандырып, жоғымызды бар қылайық! Қалай ә?
    ответить
    • * Meirzhan * Meirzhan 05 ноября 2010, в 22:47:32
      Мына айтқаның Қазақстанның ең оңтүстігінде бірде-бір орыс жоқ елді-мекендерде жүзеге асады. 100%. Басқа жерлерде еш нәтиже бермейді, себебі қазакеңнің өздері-ақ қорғап шығады. Өйткені өздері де ана тілін білмейді.
      Заман басқа. Демократялы елміз. Орекеңнің дікеңдегені кезі тоталитарлық қоғамда мүмкін болды.
      Қорыта айтсақ, орыс тілінде мемлекеттік тілді насихаттай отырып, қазақ тіліне мұқтаждық тудыру керек.
      ответить
  • اسجةقيعصتدش . اسجةقيعصتدش . 05 ноября 2010, в 23:29:06
    Құрметтілер, Мұхтар аға Мағауин де ("ұлтсыздану ұранында") осы құлдық сананы жою керек демеп пе еді? Әйтпесе қай елді көріп едік өз тілін өзге тілде дәріптеп жүргенін? Сонда қалай, дақпырт данагөйшіл ұлттар (герман, америкос, қытай, жапондар...) өз тілін бізге қазақша жеткізіп пе еді? (мысалдар болса айтыңыздаршы, оқиын, маған ол тың дерек болар еді) Мәдениет, әдебиет, өнер, т.т. деген секілді жәдігерлерімен әлемді мойындатқан жоқ па?! расы сол, қазақ тілін көтеруге өз елімізде жүріп бір заң шығара алмауымыз, (басқаға емес!), бізге сын. қазақшаландыру керек, өнерді де, әлеуметті де, кинотеатрдағы, теледидардағы сөздің бәрін. ешқандай орысша, әлде ағылшыншаның бізге қажеті жоқ. «Жаны ашығандар» немесе ғылым қуып, әлемдік аренаға шыққысы келсе, солар-ақ оқысын өзге тілді. ал тілдің шұбарлануына әкеп соқтыратын өзге тілдерге ашық түрдегі экспанция жариялау керек. ағайындар ренжиді десе, олар неге біздің қазақ тілді өздеріне я екінші, я үшінші тіл етіп сайлап, заңдарына шығармайды екен. Әйтеуір қабақ аңдыған біздің қазақ! (кешіріңіздер, эмоция ғой сол баяғы...)
    ответить
    • * Meirzhan * Meirzhan 06 ноября 2010, в 00:33:56
      Дәл қазіргі кезде бізге орыс тілі де, ағылшын тілі де ғылым, техника үшін керек. Қазақ тілі аталған ғылым және техника тіліне айналғанша саған ұнаса да, ұнамаса да осы тілдерді пайдалануға тура келеді. Өйткені мысал үшін сенің мамандығың қазақ тілі маманы болуың мүмкін. Шет тілдерін пайдаланбайтын тек осы мамандықтар ғана. Басқа мамандықтардың барлығын қара. Медицинаны алайық. Кітаптың барлығы орыс тілінде. Дәл қазір орыс тілін білмейтін дәрігер жарытып ем де бере алмайды. IT мамандары қазір ең керек мамандықтар қатарында. Онда да ағылшын тілін білу шарт. Айта берсең көп қой, Ардақ.
      Қай ел өз тілін өзге тілде дәріптеп еді депсің? Айтшы қай ел біз сияқты қасірет шекті, рухани қысымға ұшырады?
      ответить
  • اسجةقيعصتدش . اسجةقيعصتدش . 06 ноября 2010, в 01:56:54
    айт депсің, айтайын. рас, қазақы танымды, көзқарас пен ділді жоюға әркеттер аз болған жоқ. (Бір ғана Қапездің әнін алыңыз, қаншама қасірет!) санасына ел салмағын артып, соңыра іштей екіге бөлініп біздің алаштық "қайрандар" кетті… қолдан жасалған аштықтан екі жарым миллион қазақ ол кетті… (Сталиннің қоластында) "ұлы" соғысты айтайық. цензура мен дінсіз қоғамды алайық. рас, кешегі желтоқсан желін алайық. бірақ та..! иә! бірақ! Боданда біз ғана болғандай өзімізді өзіміз жерсіне беретінімзге не «жол болсынды» айтайық? сол кездегі біздің қатарымызбен бірге жүрген (ТМД елдері) ұлттар қайда қалып қойды? экономикасына әлі де «быдық» Қырғыз бен өзбек ағайынды алып қара, басшысына піріндей «табынған» түрікмен ағайынды қара, егемендігін әлі де ала алмай келе жатқан осетин, чувашты айт, анекдотта ғана кездесетін «эскимос» халықты тағы да қара, сахалиндерді тағы да қос ол тізімге. Дінде де өзіңнен сатыға төмендерді қара да тәубе қыл демеп пе еді. рухани қысымның көкесі осыларда жатыр әлі де. ал біз… ал біз ол кезеңнен өттік. 20 жыл. Иә! аттай жиырма жыл өтті! «Енді қазақ халқы өзін шын мәнісінде ел иесі, жұрт иесі сезінуге тиіс еді. Әлбетте, ешкімді қуған қазақ жоқ, өздері кетіп жатыр, қалғандарға тағы қысым жоқ, тең құқықты азамат, бірақ Қазақстан дегеніміз — Қазақ елі екендігіне ешқандай күмән болмаса керек еді, сөз жүзінде, әрі іс жүзінде — де юре және де факто!
    Содан бері бір мүшелден асты — он үш жыл — не болып шықты? (қазір 20 жыл! )Күн озған сайын айқындалып келеді, Қазақстан деген — ұлттық мемлекет атауы емес, географиялық атау ғана! Өйткені ел иесі — қазақ емес!» Мұхтар айтады осылай. басқа кім? шындықты ешкім де жақсы кормейді. Әттең! ал біздікі не еді? Мейіржан келтіріп отырған мысалымды дұрыс түсін, егер ғылым да, технология да ағылшында я орыста дейтін болсақ, тура сондай түбі жоқ терең құрдымға кетеріміз бесенеден белгілі. ендеше неге өзімізде бар байлықтың бәрін (ұлттық құндылық, табиғи байлықтар, мәдениет, Әдебиет) тастап, өзгенің тіліне жармасып жатырмыз? сананы түзеу керек! иә, қиын. бірақ сол барьерді өту қазақ сияқты рухы мықты, батыл, қайсар елдің ғана қолынан келе алатын іс болуға керек. өзгеге иық сүйеу — жеңілісті ерте мойындау болып табылмақ. ағылшын тілін қазақ тілі фразеологизмі дейсің бе, әлде теңеулер дейсің бе барлық жағынан мың орап өте алады. тек сол «көрсоқырларға» «соқырға таяқ ұстатқандай» етіп жеткізу керек! дәлелдеу керек! Абайды жазған Мұхтар Нобельді ала алмайды деп айта алатын кім бар, кәне? Сонау көшпелі қазақтың бар мәдениетін көрсетудің орнына қазекеңнің "қой көзді" деген сөзді орысшаға «бараньи глаза» деп аударып жатса, қай бетімізбен еуропа жаққа жалмаңдаймыз? Әттең! қаншама айтар ой бар… жарайды. осы да жетер. сөзбен емес, іс жүзінде — де юре және де факто!
    ответить
    • * Meirzhan * Meirzhan 06 ноября 2010, в 02:43:05
      Мынандай ұзын да мағыналы комментерді аз көресің. Ойларыңды оқып қуанып отырмын. Оқыған кезде көз алдыма театрлық қойылымдардағы, мысалы Алаш азаматын ойнайтын актердің мағыналы да эмоционалды монологы елестеп кетті.
      Қазақ қоғамында қазір плюрализм орын алған. Инернеттің өзінен қарасақ жанашырларды бірнеше топқа бөлуге болады. Сонда екеуміз екі топта сияқтымыз. Бірақ кезіндегі Алаш зиялыларының қателігін қайталамайық.
      Қазақтың басына түскен нәубеттерді тізіп шықтың. Мұнан кейін «Бірақ...» деген сөзді пайдалану қаншалықты орынды? (түсінген шығарсың нені айтқым келіп тұрғанымды). Қасіреттердің өзі бір елдің руханиятын нокаутқа ұшыруға жеткілікті. Бірақ біз нокдауннан айығудамыз.
      Салыстыру үшін Қырғызстан мен Өзбекстанды алыпсың. Көршілес елдер екені рас, бірақ рухани қысым тұрғысынан бұл елдермен бізді салыстыру мүлде келмейді. Себебі біз Ресейге жақын болдық. Азаптың барлығын ерте және көбірек тарттық (тарих беттерінен көруге болады.) Бодандыққа бірінші кірдік. тағысын тағы.
      Экономикамыздың дамуы біздің қазба байлықтарымыздың көптігі мен 2-ші дүниежүзілік соғыс кезіндегі зауыттардың көшірілуінің салдары болса керек.
      Енді де-юре мен де-факто келейік. Де-юре біз тәуелсіз елміз. Ал де-фактоны айтқым келмей тұр.
      Енді тіл байлығына келейік. Қазақ тілінің әдеби жағынан өтее бай екенін білеміз. Оған ешкімнің таласы жоқ. Бірақ нан табатын тіл қазір ол шет тілдері. Жаһандану заманында тұйықталып отыру мүмкін емес.
      Байқап отырсақ бұнда біржақты пікір айту қиын себебі нюанстар өте көп.
      ответить
  • اسجةقيعصتدش . اسجةقيعصتدش . 06 ноября 2010, в 02:58:15
    Комментарий удален пользователем
    • * Meirzhan * Meirzhan 06 ноября 2010, в 03:17:12
      Комментарий удален пользователем
  • اسجةقيعصتدش . اسجةقيعصتدش . 06 ноября 2010, в 03:14:47
    баурым, рас сенікі. түсінем. қазір ұйықтамай, «Маңмаңгерді» (Ақан сері) елжіреп тыңдап отырмын. ду-дүрмек далада бәрі де болған. мәселе сонда. Болған… болды да кетті… піл сауырлы қара жер міз бақпай орнында жатыр. қаншалықты аянышты екенін қазір түсініп отырған шығарсың (боздақтарды айтам). еңіреп өткендердің бір тал шашындай боп та ағара алмайтынымыз опындырады мені. тұла бойымыздың бәрі де қара, қаралы… тарих бетіндегі жазбалар да қаншалықты шындық, я қаншалықты шалағай екенін дөп басып айту қиын. десе де қазақтың қаны бойымызда барда қаламмен жазылмайтын, әнмен айтылмайтын тектілік деген де бар. оны ұмытқалы қаша-а-ан…
    «бірақты» айтыпсың. орынсыз болса да, сол бірақтың артында біз, жастар, жаңа леп тұр қалағайлап. шығуға қорқады. бір жасап, екі жасап, әйтеуір келеді екенбіз біз де… ұмытқанымыз да жетерлік, ұмытпағанымызды қойшы. сол. «қойшының» «бәлесінен» барымызды қадірлемей отырған жоқпыз ба? осыны ойлайықшы… қош дейік бұған да
    енді не? ия! де факто мен де юре. меніңше, де фактосы егемен (әйтеуір жоқ емес. Бар.) сияқты да, анаусы қорқынышты маған. біржақты пікір болмауы керек, біржақты мақсат, біржақты шешім болуға керек сияқты. әйтпесе… салы су…
    ответить
    • * Meirzhan * Meirzhan 06 ноября 2010, в 03:18:32
      Қазақтың 18 ғ-дан бастап тарихын жүрегің ауырмай оқу мүмкін емес. Әдебиет те тарихпен үндес келеді. Сондықтан болар қазақ комедияға қарағанда трагедияға әуес. Оның үстіне «Маңмаңгер» мен «Елім-ай» ды тыңдасаң…
      Байқа, қандай музыка тыңдап отырғаның адамның көңі-күйіне тұр ғой. Жазған жазбасының мазмұнына да әсер етеді.
      Қазір «Мен қазақпындататын» уақыт келді. Оның рас.
      соңғы комментіңде деюре мен де фактоның орындарын шатастырып алған жоқсың ба? қарап ал
      әйтеуір жазбаларда бір қорытынды жасауға болады: Қазақ қазір ойлануда…
      ответить
  • اسجةقيعصتدش . اسجةقيعصتدش . 06 ноября 2010, в 03:27:25
    меніңше, шатасқам жоқ. өзге біреу айтса, дәлелдей жүгірер ем, одан не қайыр? жарайды оны қойшы. хат жазып ем, саған барды ма? мұнда бірінші күні түсінбей отырмын біраз дүниеге…
    ответить
    • * Meirzhan * Meirzhan 06 ноября 2010, в 03:37:18
      жоқ, әлі келген жоқ.
      ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться