Айжан Нұрланқызы  >   Мен неге сүйемін...

Мен неге сүйемін...

rss Айжан Нұрланқызы 8 октября 2010
Айжан Нұрланқызы
 

 

Мен неге сүйемін? Не үшін?

Әкемді- әкем болғаны үшін, маған бар мейірімін сыйлап, мені жақсы көргені үшін, әрқашанда сенімді тірегім, қорғаным болғаны үшін, ең сенімді адамымы болғаны үшін!

Анамды- анам болғаны үшін, мені өмірге әкеліп өмір сыйлағаны үшін, қамқорлығы мен мейірімі үшін, жан жылуын сыйлағаны үшін әрқашан қолдағаны үшін!

Туғандарымды- мен қандай болсам сол қалпымда қабылдағандары үшін, қиналғанда қасымнан табылғандары үшін, қуанғанды қуанышымды бөліскендері үшін!

Ауылымды- менің кішкентай ғана әлемім болғаны үшін, мені еркелетіп ерке қыз жасағаны үшін!

Үйімді- менің жеке территориям болғаны үшін, менің дауылдардан- жауындардан қорғағаны үшін, ішінде столько қуаныш пен қайғыны да сыйдыра алғаны үшін!

Алматыны- менің өміге деген қанатымды қатайтқаны үшін, жаңа достар сыйлағаны үшін 

Әдебиетті- менің ішкі жан дүниеме өзгеріс енгізіп, тіл байлығымды кеңейтіп, көкірек көзімді ашқаны үшін.

Интернетті- жазу қабілетімді ашқаны үшін, эмоцияларымды бөлісе алғаны үшін, көп информацияны ала алатыным үшін.

Достарымды- көңіл- күйімді көтергені үшін,әр сәтімде ойларыммен бөлісе алатыным үшін, бірге қыдырып, жәй ғана паркте болса да менімен бірге отыра алатыны үшін. 

Сүйіктімді- тек мені ғана сүйіп бар кемшіліктеріммен қабылдағаны үшін... 

 

Бар шыным осы. Өз әлемімді мен не үшін жақсы көріп, не үшін өмір сүремін. 



343
  • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 08 октября 2010, в 09:56:05
    мен бұлай айта алмаған болар едім)))))
    ответить
    • Айжан Нұрланқызы Айжан Нұрланқызы 08 октября 2010, в 10:03:31
      Айта аласың просто мән бермеген боларсың…

      Қаз тек сүйіктімнің орны бос уақытша )))))
      ответить
  • Нургуль Токаева Нургуль Токаева 08 октября 2010, в 13:52:25
    не үшін емес сүйемін бітті)
    ответить
    • Айжан Нұрланқызы Айжан Нұрланқызы 08 октября 2010, в 13:55:40
      Алдында сенің пікірің бар еді ғой: не үшін сүйеміз деген? Негізі соған жауап ретінде жазғам сілтеме қойып жазам деп ұмытып кетіппін. )))))
      ответить
  • Mister . Mister . 30 октября 2010, в 21:47:20
    Тамаша сіз осы КАЗГУ -да ЖурФакта оқымадыңыз ба?
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться