Айжан Нұрланқызы  >   Киноға бардым :)))))))

Киноға бардым :)))))))

rss Айжан Нұрланқызы 22 октября 2010
Айжан Нұрланқызы
 

Кешегі   ұтыс  бойынша 19 30 да Кинопарк 6 ға киноға бардық )))). Біраз он кз мүшелерін көріп қалдым)))). Аздап киноға кешігіп барып былай бәрімен таныса алмадық (((. Бірақ сонда да сондай қызық өтті. Жалғаспен біраз темаларды талқылап тастадық ))))). 

Сонымен, кино жайлы. Кино негізі Владимира Куниннің  «Мика және Альфред» романы бойынша түсірілген. Киноның негізі адамның ерекше бір қасиетке ие болсам деген арманы салдарынан туған идея болса керек. Фантастикалық жанрда түсірілген. Атына қарап басқаша ойға келуге болады. Бірақ, олар әлемнің жаман адамдарын өзінше жазалау, өзінше өлтіру мәнерін енгізбек болады. Жаман адамдарды өлтіріп, орман санитарларына айналған қасқырлардың жазалауы. Кино бір адамның өмірін суреттейді. Ұлы отан соғысыннан бастау алып қазіргі уақыт аралығын қамтиды. Сол кездегі жасөспірімдердің күн көрісі. Ұрлық, төбелес, төсек, түрмедегі қатал тәртіп бәрін осы жерден көруге болады. Көзімен адам өлтіру бұл ерекше дүние шығар. Адам арманына жету үшін неге де болса дайын, бірақ соның бәріне қол жеткізгенде сол нәрсенің соншалықты қадірі болмағанын кеш түсіну және сол қуанышыңды бөлісетін жақындарыңның сол сәтке жетпегеніне деген өкініш... 

Негізі кинода орысша менталитет басым. Қазақи бейнені көре алмадым. Тек Н.Орынбасарова ойнаған апаның ролінен ғана тазалықты көрдім. 

Негізі кино тақырыбы кең болғанымен, қысқартылып түсірілген. Кейбір сәттерін түсінбей қалушылық тудырады. 

Киноны көруге болады, ойларыңызды дамыту үшін. Адам қанымен жеткен арманның дәмі соншалықты керемет емес екенін түсіну үшін.... 



202
  • МузАРТ тобының жанкүйерлері МузАРТ тобының жанкүйерлері 22 октября 2010, в 09:46:26
    Ұтысың құтты болсын! Еңбегіңмен келген қандай да болмасын жеңіс тәтті ғой.
    Ақпаратқа да рахмет!
    ответить
    • Айжан Нұрланқызы Айжан Нұрланқызы 22 октября 2010, в 09:50:41
      Рахмет! Ол жерде қатты еңбектенгем жоқ. ((( Бірақ біраз интернеттен қазақ актерлары, режиссерлары іздеп ем мәлімет өте аз екен. Сондақтан сол кісілер жайлы іздеп, қазақша жазсам ба деген ой келді.
      Бірақ, сонда да сыйлық үшін өзімде қуандым.
      ответить
  • Ақтөбелік Нұржан Ақтөбелік Нұржан 22 октября 2010, в 10:08:25
    Көруге тұрарлық па? Ертең бостан бос интернеттен жүктеп жүрмейін ;)
    Қазақ болғасын кешігіп бардың ба? ;)))
    Бастысы, уақытты жақсы өткіздің бе?
    ответить
    • Айжан Нұрланқызы Айжан Нұрланқызы 22 октября 2010, в 10:51:50
      Ойбай көр дейп айта алмайм )))) Мен кешігіп барғам жоқ билет кешігіп келді деп қояйыншы )))))) Бастысы уақыт жақсы өтті))))))))
      ответить
  • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 22 октября 2010, в 10:35:40
    фильм соншалықты керемет емес… сосын, ол фантастика емес, мистика… бір жағынан түсініксіз, сюжеті созылмалы әрі байланыссыз… қысқасы, не айтқысы келгенін түсінбедім… айтатын да ойы болмаған ғой деймін режиссердің… тек сюжеттің ерекшелігі ғана ілуі мүмкін, ол адам өз көзінің қарашығымен, яғни назарымен адам жүрегін тоқтатып қоя алатындығы… :) фильм туралы менің де жазғым келіп кетті! :)))
    ответить
    • Айжан Нұрланқызы Айжан Нұрланқызы 22 октября 2010, в 10:53:17
      Жазсаңшы Жалғас. Әр адамның әртүрлі пікірі болады ғой. Әр кім әртүрлі қабылдайды.
      ответить
      • Қуат Беркінбай Қуат Беркінбай 22 октября 2010, в 11:30:26
        Мен Афины Олимпиадасы туралы жазайыншы… ))))))))))))))))))))))))
        ответить
    • Сағым Елестегі Сағым Елестегі 22 октября 2010, в 12:05:12
      онда көрмейм
      ответить
      • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 22 октября 2010, в 12:13:16
        ооо… қоғамдық пікірдің әсері деген осы… :)
        ответить
      • Айжан Нұрланқызы Айжан Нұрланқызы 22 октября 2010, в 12:21:30
        Мен не Жалғас айтты екен деп көрмеуге болмайды. Өзің үшін көр. Салыстыр, пікіріңді жаз.
        ответить
  • Сағым Елестегі Сағым Елестегі 22 октября 2010, в 12:37:16
    мистикаға онша қызықпаушы ем… сосын уақытым мен ақшамды кетіргім келмйді деп қорытынды жасағам өзіме
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться