Мейіргүл Оңғарова  >   Толғаныс........

Толғаныс........

rss Мейіргүл Оңғарова 18 октября 2010
Мейіргүл Оңғарова
 

Өзімде өзімнің мұңым,

Өзіме уым да балдай.

Жылағым келеді бүгін,

Ешкімді жылатып алмай… Ерлан Жүністің осы бір шумағы кеше күні бойы миымнан кетпей қойған. Ал бүгін, мына әуен… Авторы кім, орындаушысы кім? Білмеймін! Оны білу маңызды да еместей… Тек… бойымды балқытқан ырғағына үнсіз елте берем.

Сол әуенмен бірге тербеліп, қат-қабат ойларға шомам. Өткенім, бүгінім, ертеңім… Бәрі-бәрі көз алдымнан өтіп жатыр, өтіп жатыр. Бейне, бейтаныс біреудің күнделігін парақтап отырғандай, кей тұста мұңайып, кей тұста күлімсіреп қоям.

Асылы, өнер, өлең дегендер өмірдің мәнін ұғыну үшін керек дүниелер сынды. Музыкасыз, поэзиясыз мынау жер-жаһанды елестетіп көрші?!!! Жо-жоқ, атай көрме...

Сол әуен құлағыма қайта оралды… «На-на-на-на...» Тым жақыннан… Жүрегімнің түкпірінен...



111
  • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 18 октября 2010, в 15:38:36
    Ерлан Жүністің шығармашылығын қайдан оқуға болады?
    ответить
    • Мейіргүл Оңғарова Мейіргүл Оңғарова 18 октября 2010, в 18:37:50
      Жазушылар Одағында өтетін жыр кештерінде өлеңдерін естіп қалатыным болмаса, жас ақынның арнайы жинағы қолыма түспепті((((
      ответить
  • Мэрл Мэрл Мэрл Мэрл 18 октября 2010, в 17:01:01
    +10
    ответить
    • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 18 октября 2010, в 18:49:26
      қалай бересің ондай балды… +1 ғана беруге болады :))
      ответить
      • Мэрл Мэрл Мэрл Мэрл 19 октября 2010, в 08:07:17
        +1-ді де бердім, бұл қосышасы)
        ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться