Мейіргүл Оңғарова  >   Дарханның өкініші

Дарханның өкініші

rss Мейіргүл Оңғарова 20 октября 2010
Мейіргүл Оңғарова
 

Дархан шын өкініп отыр.  Миында тек бір тілек: « Мына жерден тез кетсем екен». Көрші бөлмедегі даңғырлаған музыка мен қыз-жігіттердің дарақы күлкісі әбден қанын қарайтып бітті. Осыдан бірнеше минут бұрын болған оқиға қайта-қайта көз алдына көлбеңдей береді.

Қадыр Дарханның жақын досы. «Қарындасымның туған күні еді, бірге барып қайтайықшы» деп өтінген соң, досының өтінішін жерге тастай алмай, өзі сияқты бес жігіт Қадырға ілесіп «Хата қайдасың?»деп тартып кетті.  Келсе, вечер әлдеқашан басталып кеткен. Қыз-жігіттер дастарханға отырып қойыпты. Бір-бірлеп туған күн иесіне тілек айтып жатыр екен. Бұлар да дастарханның бос бөлігіне жайғаса кетті.  Енді байқады, асаба болып отырған ешкім жоқ екен. Жастар вечері тұрмақ, үлкен тойларды басқарып жүрген Дархан кештің көркін қыздырмақ боп орнынан тұрды.

-Ал, қыз-жігіттер, қош келіпсіздер! Рұқсат болса...-деп бастай берген. Әншейіде, бұның сөзіне ұйымайтын адам қалмайтын.  Ал бұл жолы… Өзінің қасына ере келген жігіттерден басқа бірде-бірінің бұның сөзін тыңдайтын түрі жоқ. « Короче один чувак бегает по коридоре...»деп анекдот айтып отырған сары баланың  әзіліне қарқылдап күліп отырған бір адам. Байқаса, бұл отырғандар орыстанып кеткен қазақтар екен…  «Қап...» Дархан тіксініп қалды.

 «Шешінген судан тайынбас», бұларды поэзиямен баурап көрейін»деген ой қылт етті бір кезде. «Ия, сәт!»деп көп жиында қол соқтырып жүрген өзінің бір өлеңін бастап кеп жіберген.

«Фу, че за мамбетизм!» Анекдот айтқыш сары баланың қасында отырған жалбыр шаш қара қыз осылай деді де орнынан тұрып кетті. Тұрып бара жатып, «Давайте, пойдемте, танцевать!!!»деп бір-екі қызды өзімен бірге сүйрей жөнелді. «Давайте, давайте». Әлгі екі қыздың артынан тағы екі жігіт, олардың артынан тағы бесеуі… Несін айтасың, бір кезде дастархан басында Қадырлер ғана қалды состиып...

Дархан шын өкініп отыр. Өзінің елеусіз, ескерусіз қалғанына емес. Қазақ жастарының осындай күйге түскеніне жаны ауырып, қатты күйінді. Миында тек қана бір тілек:  «Бұл жерден тез кетсем екен...»



138
  • Қуат Беркінбай Қуат Беркінбай 20 октября 2010, в 20:28:10
    бұл құбылыс белең алып кетті. "қара" орыстарды енді қайтып қалпына келтіре алмайсың, оларды өзгерте алмайсың. олардың кеткені кеткен. бізге енді тек келешек ұрпаққа, өзімізге абай болуымыз керек. оларды өзгертуге тырыспай ақ өзімізді сақтап қалайық. уақыт бәрін өз орнына қояды.

    … бір жағынан осылай ойлайтын адамдардың бар екені қуантады…
    ответить
    • Мейіргүл Оңғарова Мейіргүл Оңғарова 20 октября 2010, в 20:48:24
      Меніңше, бәрі өзімізде. Мысалы, мен орысша сөйлейтін қазақтармен орысша сөйлесем. Мен ғана емес, бәрі сөйтеді… Сіз де сөйтесіз. Сіздің "өзімізге абай болуымыз керек«дегеніңіз орынды…
      ответить
  • * Meirzhan * Meirzhan 20 октября 2010, в 21:26:45
    Иә қызықты екен. Қызығына қарағанда өкініші көп екен. Жастар әр-түрлі болатыны шындық. Бірақ мен оларды бір-біріне қарсы қоюға қарсымын. Табыстыру керек сияқты.
    ответить
  • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 21 октября 2010, в 10:00:23
    «Мамбетизм» туралы көп дауласуға болады. Бірақ одан ештеңе өзгермейді. Орыстілділер туралы да көп дауласуға болады. Одан да ештеңе өнбейді. Леопольд айтпақшы, «давайте жить дружно»!
    ответить
  • Бакытжан Копжасаров Бакытжан Копжасаров 21 октября 2010, в 16:05:05
    +1 балл. Орысша сөйлеп журген қазақ балаларымен (мұғаліммен) тілдескендерімде байқағаным, олар қазақ тілін екінші сортты тілге жатқызат екен, сонымен қатар орыс тілін шала біліп орысша әдейлеп сөйлейтіндері бар көрінет, "қазақша ойды жеткізуге болмайды" деген жалаумен. Мысалдар келтірсем тақырыптан ауытқып кетем…
    ответить
  • Мейіргүл Оңғарова Мейіргүл Оңғарова 21 октября 2010, в 22:30:47
    Негізі, қатып қалған қағида болмауы тиіс. Қазақи тәрбиедегі адам шетел музыкасын тыңдамау керек деген сияқты.(Осылай ойлайтындар да бар ғой) Тек, әр қазақтың жүрегіндегі ұлтына деген сүйіспеншілік іс-әрекетінде көрінсе ғой)))
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться