Мейіргүл Оңғарова  >   Қарды көрсем...

Қарды көрсем...

rss Мейіргүл Оңғарова 22 октября 2010
Мейіргүл Оңғарова
 

Шексіз кеңістікте жүр екенмін. Бір өзім. Аяңдап келем. Қайда, не үшін бара жатқаным белгісіз… Бір кезде жақыннан «Қар, қар Алғашқы қар!» деген дауыс шықты. «Қар? Қане қар?..»

Оянып кеттім. «Қар! Алғашқы қар!» деп бөлмені басына көтеріп сықылықтай күліп жүрген Жанннұр екен.  Өң мен түстің арасын енді ажыратып, көрген түсіме «киліккені» үшін Жаннұрды  жазғырдым іштей.  «Ренішімді» айтуға досымның кіршіксіз көңілін қимадым. Қардың жауғаны үшін шын қуанып жүр еді ол.

Негізі бөлмедегі үшеуіміз де жазу-сызуды жанындай сүйетін жандармыз. Толқын бір журналдың тілшісі. Жаннұрдың бай кітапханасы бар. Ол үшін ең қымбат нәрсе қапшығына сыймай торсиып тұратын кітаптары. Ал, мен...

 Қарды көргім келді. Түнде жай жатқан соң қардың жауғанынан хабардар едім. Анық көргім келді.

Жапалақтап жауып тұр. Құдды қыс дерсің. Сары жапырақ, ақ қар. «Мені есіңе алшы сен қар жауғанда...» Қарды көрсем, алғашқы махаббатым есіме түседі. Мына қар сияқты кіршіксіз еді-ау ол да. «Ех!» Балалығыммен бірге қалған сол бір пәк сезімімді аңсадым.

Алматының алғашқы қары толастар емес.  Өзіне сұқтанып қараған сан мың адамға сұлулығын көрсеткісі келгендей үлбіреп, үлпілдей жауады...



445
  • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 22 октября 2010, в 11:43:04
    ал менде қармен мүлде басқа нәрселер есіме түседі… :) махаббаттың ауылын 100 метр айналып өтетін нәрселер!
    ответить
    • Қуат Беркінбай Қуат Беркінбай 22 октября 2010, в 11:46:58
      ))))))))))))))))))))))))))). садист десей!
      ответить
      • Жалғас Ертай Жалғас Ертай 22 октября 2010, в 11:48:23
        қыздарды қуалап жүріп, қарға шомылдыратынбыз! :)
        ответить
        • Қуат Беркінбай Қуат Беркінбай 22 октября 2010, в 11:53:13
          айтам ғой әне.
          ответить
          • Мэрл Мэрл Мэрл Мэрл 22 октября 2010, в 12:17:13
            казаксыз ба, казахсыз ба? әлде қазақсыз ба)
            ответить
            • Қуат Беркінбай Қуат Беркінбай 22 октября 2010, в 12:31:17
              сұрақ аватарға байланысты ма? түсініктірек болса…
              ответить
  • Қуат Беркінбай Қуат Беркінбай 22 октября 2010, в 11:50:32
    осы адами сезімдер туралы қанша жазылса да таусылмайды да, шаршатпайды да. білмедім неге…
    ответить
  • Сағым Елестегі Сағым Елестегі 22 октября 2010, в 11:55:43
    қар деген әдемі ғой, бірақ тоңған кезде әдемілікті ұмытып кетем
    ответить
  • Мэрл Мэрл Мэрл Мэрл 22 октября 2010, в 12:12:58
    артынан тез еріп, балшыққа айналып кететіні тағы бар Алматыда. Сондықтан қазір қарап калыңдар :) Мен де жаурағанды ұнатпаймын. Оңтүстіктен болғасын шығар.
    ответить
    • Мейіргүл Оңғарова Мейіргүл Оңғарова 22 октября 2010, в 12:26:42
      Батыс жақтың суығына үйреніп өскесін бе, оңтүстіктің суығы онша сезілмейді маған)))
      ответить
  • patick bes patick bes 22 октября 2010, в 12:28:23
    Мейіргүлдің жазбасына орай бүгінгі қар турасында өз түйгенімді де айта кетейін.
    "Қар! Алғашқы қар!" деп шаттанып жүр көшедегі адамдар. Несіне шаттанасың? Несіне қуанасың? Үстімде күзгі куртка ғана. Тоңып барам. Айналамда бәрі қыстық киімдерін киіп алыпты. Қарғыс атқыр, Майл.рудың ауа-рай қызметі. Саған енді сенбеспін.
    ответить
    • Мейіргүл Оңғарова Мейіргүл Оңғарова 22 октября 2010, в 13:06:28
      Майл.руды қайтесіз өзіміздің кездесу.кз тұрғанда)))
      ответить
      • patick bes patick bes 22 октября 2010, в 13:25:23
        Кездесуде ауа-райы қызметі жоқ қой.
        ответить
  • * Meirzhan * Meirzhan 22 октября 2010, в 12:59:36
    Алматыда қар? Қызық екен.
    ответить
    • Мэрл Мэрл Мэрл Мэрл 22 октября 2010, в 13:07:11
      азаннан тоқтамай тұр
      ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться