Мейіргүл Оңғарова  >   Жаны жаралы АНА

Жаны жаралы АНА

rss Мейіргүл Оңғарова 23 октября 2010
Мейіргүл Оңғарова
 

 "Компьютерге басып берші" деп факультетте сырттай көріп жүретін бір мұғалім кафедрасына алып кетті. Әсте, аты-жөнімді білмейді. (Аудиторияның есігін ашып «Кім компьютерге жақсы басады?» дегенде мені «итеріп» жіберген группама өкпем қара қазандай. Бәрінен бұрын жерден жеті қоян тапқандай  қатты айғайлаған Арман мен Жұлдызға көрсететінді көрсетермін деп келе жатырмын. «Бос отырғызбайды бұлар» :)

Ноутбугін қабынан шығарағанда көзім жарқ етті. «Уау! Менің арманымдағы ноутбук қой!»

-Мә, апай ноутбугіңіз күшті екен. Өзіңіздікі ме?

 Апай біраз үнсіз тұрды да,

-Баламдікі ғой… деді жай ғана.

Сол кезде барып есіме бұл апайдың Америкада оқып жүрген жалғыз баласының жол апатынан қаза тапқаны жайлы естігенім сап ете түсті. «Қап, бекер сұраған екенмін»

«Сасқан үйрек артымен жүзеді» дегеннің кері келіп:

-Ммм, күшті)))-дедім оның трагедиясынан бейхабар кейіп танытып.

-Балам тірі болғанда қазір сенің орныңда отырар ма еді?..

Бұрылып жүзіне қарадым. Тағдыр қатігездігіне мойынсұнған шарасыз АНА...

Әрі қарай қазбалағым келмеді. Ана жүрегіндегі өшпес жараны тырнағаным үшін өзімді кінәлі сезіндім.

Әріптерді әрең тауып отырмын.  Ноутбук фонында тұрған баласы тіріліп кететіндей...

 



150
  • Қуат Беркінбай Қуат Беркінбай 23 октября 2010, в 17:50:25
    мұңды екен....

    негізі бұндай жағдай әрбір адамның басында кездеседі. журналистердің басқа қарапайым мамандық иелерінен ерекшелігі де осында болар, олар өз сезімдерін жария түрде жазып түсіре алады.
    ответить
  • Бакытжан Копжасаров Бакытжан Копжасаров 23 октября 2010, в 18:05:52
    Бұл жара ешқашан жазылмайды. «Сізде маған анасыз» деп жұбатуға болар еді, бірақ қасында болғанда тығырықты көріп сөз таба алмайсын. Бірақ жұбанышы бар балаларымен жасты балаларға тілек тілеу.
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться