Мейіргүл Оңғарова  >   Тең -теңімен...

Тең -теңімен...

rss Мейіргүл Оңғарова 25 октября 2010
Мейіргүл Оңғарова
 

Бөлмелес қыздың ту Атыраудан таныстары келді. Ерлі -зайыпты екеу.  Жастары отыздардың шамасында.

Әңгіме -дүкен құру барысында ерлі- зайыптылардың түсініктері, көзқарастары айқын көрінді. Күйеуі өте білімді, мәдениеті жоғары адам екен. Ал, әйелі мүлде керісінше. Қарабайыр да дөрекі.

«Тең -теңімен, тезек -қабымен». Бір-біріне  ой-пікірлері мүлдем сай келмейтін бұл екеуінің отбасылық өмірін елестеттім.

Қонақтар кеткен соң көкейімдегіні көзімнен түсінетін құрбым: «Бұлар бір-бірін сүйіп қосылмаған» деді.

Бес күндік жалғанда  жаныңда сүйген адамың болмаса, бақытсыздық деген сол шығар...



314
  • Ақтөбелік Нұржан Ақтөбелік Нұржан 25 октября 2010, в 16:13:46
    Атыраулық қыздар дөрекі келеді ;) Оған келісуге болады ;)
    Төмендегі постта айтылған, жұрттар сүйіп қосылып бір жыл болмай ажырасып жатыр…
    ответить
    • Мейіргүл Оңғарова Мейіргүл Оңғарова 25 октября 2010, в 16:17:26
      Мен Атыраулық қыздар дөрекі келеді деген жоқпын)))
      ответить
  • Мэрл Мэрл Мэрл Мэрл 25 октября 2010, в 16:45:15
    сондай қадамға барған өздері ғой. сондықтан айтарым жоқ
    ответить
  • Бакытжан Копжасаров Бакытжан Копжасаров 25 октября 2010, в 19:27:18
    Өз басымдағы проблема, маған есеппен күйеуге шыққанын кешірек біліп қалдым. Денсаулығым жоғалды, ең басты әкесіз бала өсіп келет. Тірі жетім, ондайды болдырғым келмеп еді. Түзете алмаймын. Үйленер алдында бұлар тексіз дегенге сенбеп едім халық білген соң айтқан екен.
    ответить
  • serik murathan serik murathan 04 ноября 2010, в 08:18:55
    бірі білімді, бірі қарабайр болсада жұптасып жұп құрғандар қаншама.оқумен білім алуға болады, бырақ терең түсінік пен пейіл үйрене алмайсың.оқымасада мінезі қазақтың даласындай кең қаншама керемет қыздар бар.олар жақсы жар бола алады…
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться