Пчёлка Аражан  >   Социальность..

Социальность..

rss Пчёлка Аражан 22 апреля 2011
Пчёлка Аражан
 

Кто пишет блоги? Бомжи? Или дети из детских домов? Нет, их пишем мы, в основной массе представители среднего и высшего класса… Рассказываем друг-другу о своих никчемных проблемах, делимся радостью, новостями… (извините, Команданте!)

Сидим по разные стороны мониторов, постукивая по клавишам, перемещая курсор временами на окно агента или qip-а, насилуем «F8» и оставляем следы в просторах "ғаламтора"

Мне сегодня пришла мысль удалить все аккаунты во всех соцсетях. Вместо этого я пришла и зарегила новый… Теперь уже я стараюсь не выкладывать личную информацию и фотографии, хотя удалять то, что уже где-то лежит почему-то рука не поднимается… К тому же я понимаю, что при необходимости спецслужбы или недружелюбный хакер легко вычислит твой адрес и любую другую информацию о тебе только через одну ссылку. Будет время, возьмусь искать файервол и еще что-нибудь эдакое..

Часто слышу жалобы «она моё фото украла»  и всё в этом роде. Чует моё сердце, это не худшее что может сделать с вами виртуальность. Временами я сама прокручиваю в голове схемы развода людей в сети. Называю их социальными экспериментами. И все чаще прихожу к выводу, что человека можно не только обмануть в этой паутине, но и связать по рукам и ногам, высосать из него кровь и высушить то, что от него останется. Верите или нет, пока на людях не проверяла. Совесть ещё не поддалась на уговоры разума продвинуть вперёд социальную науку.

На всякий случай, будьте бдительны..

 



262
  • * Meirzhan * Meirzhan 22 апреля 2011, в 00:28:52
    Сақтықта қорлық жоқ. Келісемін. Тек виртуалды әлемдегі көлеңкеден қорқатындай күй кешіп жүрмесек болғаны да. «Болтун находка для шпиона» дегендегідей ғаламторда тілімізді (клавамызды) тістеп отырғанымыз абзал. Top secret.
    ответить
  • * Meirzhan * Meirzhan 22 апреля 2011, в 01:42:19
    Скаллидың ұстазы, сен бұлай өзіңді күдікті қылып көрсетіп жатырсың. Айгуль апай дұрыс айтты: «Сезікті секірер».оффтоп сұрақ: сен егізсің бе әлде шаянсың ба? тым болмаса осы құпия емес шығар. («Пчела Маямын» деген жауап қабылданбайды)
    ответить
    • Пчёлка Аражан Пчёлка Аражан 22 апреля 2011, в 01:45:19
      (өлеңдетіп) [біз екеееуміз бәйшешееектей ертее гулдеедіііііік...]
      ответить
      • * Meirzhan * Meirzhan 22 апреля 2011, в 01:56:29
        Қол ұстасып, бақыт жырын шертеміз дедік. Қарсы жүріп үйренсек те қар мен жаңбырға. Жылдааар, өмірдің өзенімен, ағады кезегімен… Сенсің, көңілі ашық, менің ашық, ғасырым!
        ответить
        • * Meirzhan * Meirzhan 22 апреля 2011, в 01:59:29
          Осыдан бір логикалық түйін шығаруға рұқсат етіңіз. Скалли десе, Скаллисың мозайка тұнып тұрған. Сен шаянсың. Оған дәлелдел: 1-ден «біз екеуміз .....» яғни мен (Мейіржан) шаянмын, сен де шаянсың. «екеу» дегеннен шығып отыр. 2-ден: "Өлеңнің авторы — Мұхтар Шаханов. Ол кісі де шаян.
          ответить
          • Жылқы мінезді блогшы Просто Конь Жылқы мінезді блогшы Просто Конь 22 апреля 2011, в 02:03:18
            теперь все стало на свои места!
            ответить
            • Пчёлка Аражан Пчёлка Аражан 22 апреля 2011, в 02:07:50
              тоже мне, Холмс и Ватсон)))
              ответить
              • * Meirzhan * Meirzhan 22 апреля 2011, в 04:05:14
                Скалли болғаныңа қуан, әйтпесе Миссис Хатсон боласың))хе-хе
                ответить
            • * Meirzhan * Meirzhan 22 апреля 2011, в 03:47:54
              Бәрі де қарапайым, Ватсон…
              ответить
        • * Meirzhan * Meirzhan 22 апреля 2011, в 02:15:10
          Бұл әнді таңды таңға ұрып айтуға болады. Эх, шіркін жастық шағымның еске түсіп отырған-ай. 60-шы жылдар. Кілең лениншіл жастар бір адамдай егіске шығатынбыз. Мен трактористпін. Азаннан кешке дейін жұмыс істеген соң, түнде жастар жиналып өнерлерімізді ортаға салатынбыз. "Ұялмаған өлеңші" болады дегендей бір кезде мен шығамын ортаға. «Біз екеуміз қол ұстасып...» деп Шәмші бауырымның әнін сала бастаймын. Қыздардың назары тегіс менде, даусыма елітіп отыр. Бір кезде бір әсем дауыс қосылды әніме. Далаға шыққаннан көзіме түскен қыз шықты ортаға. қайырмысынан іліп әкетті…
          ответить
          • * Meirzhan * Meirzhan 22 апреля 2011, в 02:22:56
            Түннің бір уағында отырыстың қызған шағында ай, жұлдыз қараймыз деп оңашаға шығарып алдым оны. Бейнебір отырыстан ай көрінбейтіндей. ))муахаха. Содан жаймен әңгімені бастадым. Жүрек соғысы оған естілмеуі үшін. "Әнді жақсы салады екенсің" — деп өзімше оған баға беріп қойсам. «Мен кәсіби әншімін» — дейді. Сасқанымнан «Онда мында не істеп жүрсің?» — деп қалдым. Ол басын көтере: "Өйткені мен совет адамымын" — деп жауап берді. Сондағы менің қысылғаным-ай. Жоқ, жөнсіз сұрағым үшін емес. Тракторист болып, ұялмай бұлбұлмен жарысып ән салғаным, үшін «ибай-айй» маған не жоқ десейші. Содан не керек, атың неге Пчелка — деп сұрамасым бар ма? Бұл сұрағымнан қыздың көзі мөлдіреп, жас тамшылары бетін жуғанын байқадым…
            ответить
            • * Meirzhan * Meirzhan 22 апреля 2011, в 02:30:23
              Байқадым да беторамалымды беріп едім, ол сыпайы түрде бас тартты. Ай жарығымен орамалыма қарасам қап-қара, солярка сасыған екен. Екінші рет омақаса сүрінгенімнен маңдайым жібіп, терлеп-тепшіп кеттім. Сөйтсем азан шақырып қойған атын өзі де білмейді екен. Бұл қыз сонау соғыс жылдарында Солтүстік Қазақстанда балалар үйінде тәрбиеленіпті. Ала-ала, сары-қара аралас көйлегі үшін «Пчелка» атанып кетіпті. Сол бақытсыз балалық шағын еске түсіріп жылап отыр екен. Мен одан алда-жалда кешірім сұрап: «мен сені енді ешқашан ренжітпеймін, пчелкажан деп атаймын — деп өзімше жұбатқан болсам. „Айтпа, айтпа ол есімді маған. (Бейне бір Пчелка болғанына мен кінәлідей). Ендігәрі мені Қатираш деп ата, Пчелка болғаннан Қатираш болайын“ — деп булыға жылап, зарлап қоя берді.
              ответить
              • * Meirzhan * Meirzhan 22 апреля 2011, в 02:34:28
                «Пчелка, ііәәйй, кешіре гөр, Қатираш, мына таңдап алған есімің сенің ішкі рухани әлеміңді ашпайды екен. Дәл қазір мына ай сәулесі сен ерекше сұлуландырып тұр. Сондықтан сені Айсұлу десем қалай болады» — деп едім. Оның көзі жайнап, менің мойныма асылды, осы сөздерді сеннен шығару үшін актерлік өнерімді қолдануға тура келді. Не тормозить етіп тұрсың" дегенде төбемнен су құйып жібергендей күй кештім. Қап мына қыздың, әй. Бір басында мұнша қулық бар екенін кім білген.
                ответить
                • * Meirzhan * Meirzhan 22 апреля 2011, в 02:41:12
                  Ауылдағы Әшөк босқа айтпаушы еді: "Әйел заты қанша сұлу болса, сонша қу болады" деп. Ол кезде ауылдағының аузы сасық деп күлетінмін, мына кісі ішіп алса небір «даналықтарымен» басты ауыртады деп. Мен не айтып кеттім… Бірақ мөлдіреген қара көздеріне қарағанымда көңілім орнынаа түсті. Айсұлуым… Содан аяғы не керек «Пчелкамен» жұмыс аяқталысымен ЦОН-ға барып, жаңа «удостоверение» алдық. Аты — Айсұлу, тегі — Онқызы болып шыға келді. Мына керемет оиғаны "Қағанатта" екі порция плов пен донер алып, бір «дүрілдетіп тойлап» алдық өзімізше. Тек мен және ол.
                  ответить
                  • * Meirzhan * Meirzhan 22 апреля 2011, в 02:46:43
                    Бірақ… әңгіме бірақсыз болмайды ғой. «Сен жақсы жігітсің, базар жоқ трактористсің, әнді де ниче айтып қояды екенсің, бірақ (қайтадан бірақ!) сеннен мен жылқымінездікті де, қожанасырлықты да таппадым. И ваааабще сен „Алашайнасы“ журналисті де емессің» деп компотын үстіме құйып жіберді. Тұрды да "әфисант, счет" деп қайқаңдап кетті де қалды. Құдды бір ресторанда отырғандай. Мен сол орнымнан тұра алмай қалдым. Мең-зең күйде болдым. Меннен не қателік кетті? Пловқа ақша төлемесем де, компот пе донер үшін төледім. Автобуста да ол үшін төледім. Сонда маған оның соңғы айтан сөздері есіме түсті. «Дурак!» деген емес. Әлгі менде жо қасиеттер туралы. Сонда мен өз-өзіме ыза болдым.
                    ответить
                    • * Meirzhan * Meirzhan 22 апреля 2011, в 02:50:30
                      Неге менде итмінезділік, түйемінезділік бар да жылқымінезділік жоқ. Өз-өзіме жауап қайырдым: «Мен жас кезімде (Айгүл апайдың постында жазылғанындай) жылқыға жақын болмадым, көкпар да тартпадым, теңге де алмадым, қызды да қумадым. Менің есіл-дертім трактор болдым. Ат жалын тартып емес, гайкі бұрап, солярка иіскеп өстім. Сол тракторға жақындаған күніме лағынет айттым. » Жарайды оны қойшы.
                      ответить
                      • * Meirzhan * Meirzhan 22 апреля 2011, в 02:54:11
                        Е-е қожанасырлық жоқ деді ғой. Тоқтай тұр. Балалық шағыма сапар шектім (Все проблемы из детсва (с) Зигмунд Фрейд) өткеніме көз жүгіртіп қарасам, мен өте адал совет азаматы болып өсіппін. Енді ше Сәбит Мұқановтың кітабын жастандым ғой. Корчагин мен Павлик Морозовты (сатқын бала) үлгі тұттым. Бұның барлығының жалған болғаны ма?!
                        ответить
                        • * Meirzhan * Meirzhan 22 апреля 2011, в 03:01:36
                          Һеш адамның ала жібін аттамадым ғой. Бұным да бекершлік болыпты. О, адамзат неткен қатал ең. Сенің тасбауыр перзентім болмайды менің. О, тоба, мен не деп кеттім. Жарайды, ары қарай… соңғысы… мен «Алашайнасы» журналисті емес екенмін. Ну, енді әзірге журналист болмасам да, «блоггер деген атым бар, атам десең атыңдар». Бұған да шүкір. Мектепте оқығанда ара-тұра шимай-шатпақтарым «Жас пионер» республикалық социалистік газетінде шығып тұратын-тұғын. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімім қоймай, менің жазғандарымды редакцияға жіберіпБірақ кей-кездері өз жазғанымды танымай қалатынмын. Сірә, редактор жұмысына беріліп кетсе керек. Содан бері бірақ еш жерге мақаламды бермеппін. Қазақ тілі апайым қазр жоқ. Кім жібереді енді?! Өзім жұлдызнама бойынша Шаянмын, сондықтан артқа тартып, пессимистік сарындағы ойларға берілетін кездер де аз емес-тін.
                          ответить
                          • * Meirzhan * Meirzhan 22 апреля 2011, в 03:12:53
                            «Шешінген судан тайынбас» деп тәуекелге бел буып Республика даңғылындағы «Алаш айнасы» деген өзім оқитын, сүйікті газетіме жол тарттым. Сәбетский ағамның кәстюмын киіп, Пранцуский әтірімді үстіме құйып алдым. Сәбет үкіметі, молшылық қой енді. Қолымда бума-бума қағаздар, мақала-сымақтарым, тіпті кеш сайын жазатын күнделігімді де алдым. Содан не керек, редакцияға кіріп едім. Мені қабағынан қар жауған, көзі қанталап тұрған (ұйқысы қанбаған-ау шамасы, әлде түнімен арақ ішті ме, кім білсін) күзетші "қарсы алды". «Кімді іздеп келдің, өй, өзіңнен духи періп тұр ғой» — деп қояды маған. Өзінен арақтың исі ұрып тұрмағандай. Жарайды, «басы қатты болса, аяғы тәтті болады». Жөн-жосығымды айтып, жұмыс іздеуге келгенімді айттым. Ол менен духинің қайдан алғанымды сұрады. Сөйтіп не керек, қайнаған журналистер ортасына кіріп кеттім. У-шу, азан-қазан, мәре-сәре. Менің есіме ауылдағы құдалықтар, тойлар түсіп кетті. Жұмыста баласын көтеріп жүрген бір азамат, кейіннен білдім аты Жарқын Түсіпбекұлы екенін, маған кекесінмен қарады. Қасына Болатбекті шақырып алып, мен жақты көрсетті.
                            ответить
                            • * Meirzhan * Meirzhan 22 апреля 2011, в 03:26:25
                              Болатбек өзі қызуқанды жігіт екен. Менің дәл алдыма келді де: «Сен трактористсің ғой деймін, ә. Маған трактористтер ұнамайды, суқаным сүймейді» дейді. Жағдай ушығып бара жатқанында, әзілқой, көңілді Жан Күйер деген жігіт «Жігіттер, жігіттер» — деп арамызға кимелеп кетті. «Менің мақсатым жауластыру емес, бітістіру» деп Жібекжанның сөзін айтып кетті. Бақсақ әзілі екен. Маған қарап "Өй, мынау әлгі әзілді жақсы түсінетін азамат қой. Қалайсың, амиго?" деп мені құшақ жая қарсы алды. Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық демекші. Жанкүйермен бірден шүйіркелесіп, сырлас та болып алдық. Бастықтарың кім еді? — деп сұрасам. Айгүл апай екен бастықтары. Мен ол кісіге барып сәлемдесейін десем, бірден күтпеген жерден сұрақ қойды: «Зейнеп апаның естеліктерін оқыдың ба?» Мен бетім бүлк етпестен: «Иә, оқыдым» дей салдым. Ол кісінің жүзі бірден жылы болды. «Басынан солай айтпайсың ба?» дейді. «Жарайды… Зейнеп апа балаға тәрбие беруде не нәрсеге көңіл аударады» — деп сұрақты қойып қалды. Маңдайым шып-шып терлей бастады. Өләә, не деп жауап берем деп ойланым отырғанымда оқыс телефон шылдыры естілді: «Жоғарыдан тез арада аты-жөнін ауыстырған қыз туралы мақала жазсын деп нұсқау келіпті.». Редакцияда бос журналист жоқ екен. Содан Құдай маған оң көзімен қарап (шолық белсенді атеисттер естіп қоймасын) бір күнде -ақ ойламаған жерден журналист болып кеттім.
                              ответить
                              • * Meirzhan * Meirzhan 22 апреля 2011, в 03:37:05
                                Алған бірінші тапсырмамды орындауға жауға бара жатқандай салтанатпен аттандым. Атын ауыстырған ержүрек қыздың менің жүрегіме шоқ түсірген әлгі қыз екенін ішім сезіп келеді. Сезімім басылмап еді. Жол бойы «Айсұлуым менің» деп елжірей қайталаумен болдым. Құстай ұшып бардым. Сол баяғы жатақханасында тұрады екен. Алдымен вахтаға телефон соқтым. Өзімді «Алаш айнасы» журналисімін деп таныстырдым. Телефонның ар жағынан паузадан кейін таңқалған «Алаш айнасы???» деген дауыс шықты. «Иә, иә „Алаш атын арқалаған газеттенбін, сізден интервью алайын дегенмін. Ленин паркінде кездесейік — дедім. Ол қуана-қуана келетінін жеткізді. Содан айтқан мезгілінде паркте кездестік. Ол мені көрісімен таңданыс білдірді: “Сен қайдан жүрсің? Ана жолғы сөздерім үшін кешір» — дегендей болды. Мен міңгір-міңгір еттім де қалдым. Екі көзім Айсұлуда. «Бір журналист осындай кездесейік — деп еді, соны күтіп тұрмын» — деп маңғазданып айтты ол. «Ол журналист мына менмін» — дегенімде көзі шарасынан шығып кете жаздады. «Сен? Қалайша? Жоқ, ол сен емес. Сент трактористсің. Мүмкін емес». Сабасына түскеннен кейін интервьюны алып, мен қоштасып кетіп қалдым. Қыз сол орындығында мелшиіп қалды.
                                ответить
                                • * Meirzhan * Meirzhan 22 апреля 2011, в 03:46:54
                                  Жүрегімді жаралаған алғашқы махаббатыма мен журналист болуыма себепкер болғанына алғыс айтуым керек. Ол алғысты интервью соңында жазармын. Мамандық таңдау мен жар таңдаудан қателеспеу керек дейді ғой. Мен мамандық таңдауда қателеспеген сияқтымын. Ал жар таңдау… мұнда да әзірге қателеспеген сияқтымын. Болашақ жарын тәрбиелеп алудың орнына, барлық қасиеттерді бірден талап ететін, журналист болмағаным үшін үстіме компот құйған қыздан не сұрауға болады. Балалар үйінде тәрбиеленді жарайды. Бірақ солай екен деп басыма шығаруым керек пе еді. Мүмкін, мүмкін, мен алда талай өкінермін… Бірақ ерді намыс өлтіреді. Алла жазса алда талай қызыққа кенелерміз. Бақытты бол, Айсұлу… Бақытты бол… Ал мен… тағы қандай тапсырма алып едім… е-е-е Еңбекшіқазақ ауылының диқандарының еңбек ерліктерін жазуым керек еді ғой. Қой бүнымен доғарайын. Ертең сол жаққа жол жүрем. Көз шырымын алып алайын. сәуірдің жиырма екінші жұлдызы 1981 жыл. сағат 3.46. Алматы. Каблукова десем)))
                                  ответить
                                  • н и к т  о н и к т о 22 апреля 2011, в 11:01:28
                                    УжЫссссссс… =)
                                    ответить
                                    • * Meirzhan * Meirzhan 22 апреля 2011, в 11:58:56
                                      ужастиктердер қорқатын ба едіңіз?)
                                      ответить
                                      • н и к т  о н и к т о 22 апреля 2011, в 12:01:46
                                        мхм, сенің аваңның өзі живой ужастик! =))) film of the bad mask
                                        ответить
                                  • Пчёлка Аражан Пчёлка Аражан 22 апреля 2011, в 17:14:28
                                    тьфай, қазақ тілінде осылай жазатын журналистеріміз молшылық болса деймін. атым Айсулу болмай, жұлдызнамам шаян болмағанын қараш…
                                    ответить
                                    • * Meirzhan * Meirzhan 22 апреля 2011, в 17:37:57
                                      Егіз болған да жаман емес. ) Реалдағы өз есімің өзіңе ұнаса болғаны. Ал кейбір қолданушылар ғаламтордағы никтерін қазақшаласа, бұл да қазақ тілінің дамуына үлес.
                                      ответить
      • * Meirzhan * Meirzhan 22 апреля 2011, в 01:56:32
        Комментарий удален пользователем
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться