Mickey Make  >   Блог
Mickey Make

 Сообщества (42)


...и еще 32 сообщества

Mickey Mick Make

29 лет
Менде бәрі күшті.)
rss
Елдер және ұлттар ерекшеліктері 22 апреля 2013

Үш апта бұрын тапсырған сессиялық емтиханда қызықты тесттердің бірі «Мәдениетаралық қарым-қатынас теориясына кіріспе» пәнінен болған шығар. Содан қысқаша үзінді, алып-қосқандар да бар:

Жұмыстан кейінгі екінші тайм: Ақтөбе - Жетісу 1:1 15 апреля 2013

14-нші сәуірде жексенбілік жұмысымды аяқтап, бірден «Футболдан облыстық балалар мен жасөспірімдер олимпиада резерві»-не тарттым. Бірінші тайм басталып кеткен екен, шамамен 10-ншы минутында бардым. Енді билет сатып алайын десем, сатушылар сатпай қойды. Неге десеңіз, стадионда орын жоқ екен. «Билет бар, бірақ орын жоқ»! Бірінші тайм кешігіп келгендер үшін осылайша тірі аудиотрансляция арқылы өтті. Амал не?! Екінші таймды күтуге тура келді. Ойынның екінші жартысы 1:1 есебімен басталды. Оралдағы жағдай қайталанды.)) Бұған да шүкір дедім де, потапаратты іске қостым. Суреттер аз шыққан жоқ, алайда тек 30-ын жүктедім. Өкінішке орай, екінші таймда гол болмады. Сонымен, Ақтөбе — ақ, Жетісу — көк түсті формаларда.

Бұлdirty ауылы 11 апреля 2013

Орал — Ақтөбе трассасы бойында, қаладан 200 шақырым жерде орналасқан Бұлдырты ауылы – Батыс Қазақстан Облысы Сырым ауданындағы ауылдық әкімшілік округінің орталығы. Аудан орталығы —Жымпиты ауылының оңтүстік-шығысына қарай 55 шақырым жерде, Тамды өзенінің жағалауында орналасқан. Тұрғындар саны 3000 адам. Ауыл құрғақ қоңыржай агроклиматтық белдемде жатыр. Жері шөлейтті, сұр, бозғылт-сұр топырақты. Жусан, бетеге, селеу, көде, ши өседі. Шаруа қожалықтары мен өндірістік шаруашылықтар жұмыс істейді. Орта мектеп, дәрігерлік-амбулаториялық пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. 

«Біткен іс» немесе «қарға батпағаным туралы» 12 марта 2013

Естеріңізде болса, мына постта 28-нші ақпанда Ақтөбе маңындағы елді-мекендерді, нақтырақ айтсақ қыстың соңғы күнін фотоға түсіремін деп, көлікпен қарға батып, одан әрең шыққаным туралы жазған болатынмын. Содан кейін араға 10 күн тастап, өзімнің бастаған ісімді қайта жалғастырдым, алайда бұл жолы көлікпен емес, жаяу.

Көктемнің басы. Ақтөбе қаласынан 18-20 шақырымдай жерде, Ақтөбе-Орск трассасы бойында орналасқан елді-мекен К.Нокин ауылына фотосаяхат.

«Бітпеген іс» немесе «қарға батқаным туралы» 1 марта 2013

Кеше өзіме 1-2 сағат көлемінде уақыт бөліп, Ақтөбе-Орск трассасы бойында орналасқан елді-мекендерді, нақтырақ айтсақ, қыстың соңғы күнін фотосуретке түсіруге беріліс қорабы автомат көлікпен шыққам. Фотоға түсіріп енді бастап келе жатқанда, дөңгелектерім жаңа, барлық мезгілге арналған болса да, қарға баттым да қалдым. «Автоматтың бір кемшілігі осы» деп ішімнен ойлап қойдым. Алдын-ала айтып қояйын, мен әлі кәсіби фотограф емеспін, бұл мен үшін әзірге жай ғана мейнстрим.

Қуанышыма орай, багажымнан шағын күрек пен күзгі балшықтардан шығуға көмектескен мынадай қысқа екі тақтай табылды:

 
Hatebook.org – хейтерлер мен мизантроптардың сайты 23 февраля 2013

Ағылшын пәнінің мұғалімі Ұлжан апай айтқандай, «өмірде жаусыз қызық емес» деген сөзден бастағым келіп отыр. Өмірде де, әлеуметтік желілерде де біз дос жи

Жаңадан келген блогер! 23 апреля 2011

Сәлем ON.KZ!

Менің есімім қысқаша Маке және бұл менің алғашқы жазбам. Бұл сайтқа мен бұдан бірнеше күн бұрын тіркелгенмін, бірақ жазба жазуға еш қолым тимей жүрді. Енді сәл сайтпен жақсы танысып алғаннан кейін мен бұнда екі тілде жазбалар жазуым мүмкін, бірақ көбінесе жазбаларым өз ана ті