Жалғас Ертай  >   Блог
Жалғас Ертай

 Фотоальбомы (2)

  Мен 5 фото
  Жаңа 1 фото

 Сообщества (88)


...и еще 78 сообществ

Жалғас @e_zhalgas Ертай

29 лет
Прощай моя первая работа :)
rss
Қысқа, қысқа, қысқа 8 декабря 2011

Ең көңілді өткен Жаңа Жыл

Көңілді өткен жаңа жыл, тіпті оның ең көңілді өткендігі есімде қалмапты. Бір жағынан, есімде қалмағаны – оның көңілді өткендігін білдірсе керек. Екінші жағынан, көңілді өткендігін есімде сақтай алмағаным – қынжылтады. Осы тектес сценриймен барлық болмаса да, соңғы екі жылдағы жаңа жыл қарсы алыныпты. Сағаттің тілі он екіні он екінші рет соққанда, бәрібір есте қалмайтын жаңа жылдық көңіл күйді бөлісетін достарға хабарласа алмай қалатының – мен сияқты, бәрінің де жынына тисе керек, негізі.   

Мен ұсынатын үш ән :) 17 октября 2011

1. Beethoven — Moonlight Sonata (Лунная соната)

Күн тәртібінде "Аударма қиындықтары" 26 сентября 2011

Жарнама есебінде (ақысыз деп үміттенемін!)

Ғылым мен әлеуметтік қатынас, іс-қағаздар алмасу саласында бағын сынап көруге 20 жыл көлемінде ғана ие болған қазақ тілінің аударма төңірегінде, мейлі ол әдеби аударма болсын, мейлі ресми аударма болсын

Капсуладан капсулаға секіріп :) 13 сентября 2011

поп-корнды асқазан сыйымдылығынан екі есе көп алып, сайтан алмас Бұдданың бұтына мың да бір алғысты жаудырып, кезекті қуыс кеуде жел-диірменмен алысуға аттанған сәт болатын. киноға жылжымалы түсті сурет деп қарайтындардың үмітін аяқ асты етпек болып кезекті түрік-сериал-индустриясының тастанды туындысынан бас алып қашу мақсатында газды суға жүгініп, табалдырық аттаған едік. 

жарғағым мен жанарым шақырмалы постер мен түсініксіз вирусқа әбден қаныққан менің бекмамбетовтық үмітпен табалдырық аттағаным сол-ақ екен, «бар білгенің өтірік, боққа да татымайды» деген дауыс су сепкендей басты. сөйтсем, 20-ғасырдың екінші жартысында әмрикендіктер айға өз табандарын тигізіп қана қоймапты, зерттеу «аполлон 18» тобын жіберіп үлгеріпті-мыс. Ондағы 84 сағаттық созылған арқандай пленке сақталып та қалыпты-мыс, пәлі. 

әлгі, өзіміздің бойымыздағы шайтанды қуып шықпақ болып, бекмамбетовтық үміттің біздің бойымызда бұл факт үрейлі күдіктің алдына апарып тастады. документари стилін су-қанындай, ал су-қанын документари стиліндей сүймейтін менің санамда дабыл қағылды келіп. бекмамбетовтік үміт көз алдымда бекмамбетовтік мәмбетке айнала бастаған еді. айдан «боқтың қабы» қалдырған іздерді табу мақсатында қайта-қайта құйрығына от байлап ұшыра берген экспедициялар тастан басқа ештеңе іле алмай орала берген еді. 


Ұйқысұраған ой (ақылды болып көрінейін дедім) 1 сентября 2011

Ақпараттық тыныштық. Соңғы бір ай осы сөздің мағынасын сезінумен, қаузаумен өткіздім. Теледидар қоспай, интернетте жаңалықтар сайтына бас сұқпай, әлеуметтік желілердегі достарым бөліскен сілтемелермен өтпей көру – адам қызығарлық нәрсе екен. Бұл, бір жағынан, өзіңді қоғамнан жасанды түрде бөліп, жырып алу болатын шығар, екінші жағынан, өзіңе, қажетсіз ақпаратпен онсыз да артық гигабайттарға толып үлгерген, салмақтың ауырлығын арқалағысы келмеген мыйыңа тыныштық беру болса керек.

Nokia E7: әуесқойдың пікірі 2 июня 2011

Маған Nokia E7 телефонын уақытша пайдаланып, өз ойымды жазуды өтінген еді. Телефонның қарапайым функцияларын ғана пайдаланып үйренгендіктен, бірден бас тартқан едім. Қарапайым қолданушының әуесқой пікірі де маңызды деген соң, өзіме бейтаныс сенсорлық экранды телефонды тестілеуге шешім қабылдадым.

БлогCamp: құрылтай'11: сөз есеп (сапыру) 25 марта 2011
Алақай!

Бәрі бәрін айтып, бәрі түсірген фотоларын іліп, тіпті бәрі өз пікірлерін де жариялап тастады ғой деймін. Бірақ, қатысқан соң, арасында жүрген соң, бірдеңе деп қалайын дедім.

Блог-құрылтай өтті-кетті. Қызығын қорытып та үлгермей қалдық. Барлық жаңа таныстар мен қызық презентациялардың бәрі бір күнгі түстің болмашы жемісі сияқты тез зымырай кеткеніне өкініп те үлгермей қалған сияқтымын ше.

Фото жоқ! Сондықтан, бұл жазба соқыр мен мылқау сөз қыптының кері болатын сияқты. Сонда да бөлісейін дедім ғой.

Бірінші күнге дейін:

Жұма күнгі кешкі жиналысқа сұранып, асығыс бара қалсам, Патик бастаған тайм-киперлер командасы толық құраммен дайындыққа кірісіп кеткен екен.Шаманың келгенінше, барып кел-шауып кел болып жүрдің ортада біте қайнасып. Ортада Қисық пен Патиктің зілсіз әзілдеріне жарылысып дегендей.

Кешкісін жалпыблогкемптік танысу кешіне “Кермес” (атын дұрыс жаздым ғой, иа?) деген кафеге тартып тұрдық. Онда елден бұрын жетіп алыппыз. Келген блогерлермен танысып, араласып, бір-бірін реалда көріп, мәз-мейрам болысып қалды енді.

Қысқасы, 1-ші, әркім өзін таныстырды, 2-ші, әркімді көршісі таныстырды, 3-ші, бәрі бір-бірін таныстырды ма, бірдеңе болды енді. Соңында, блог-сектанттық ойынға кірістік.  Фотоларын салып қойса да болады екен. Іздестіріп көрейін. Өркеннің блогында бар деген сыбыс шықты, мына жақтан.

*Ал енді, ол бей(осы сөзде күлкім келед)-ресми ашылуынан соң, ішкі және сыртқы цензураның қарсылығына ұшырайтын ашылу салтанатына қарай тартылдық*. Ол туралы жеке сөйлескенде.

83-ші "Оскар" иегерлері анықталды! 28 февраля 2011

Американ кино академиясы 2010 жылдың 83-ші «Оскар» статуэттерінің иегерлерін анықтады. Биылғы кино жүлделер 24 номинация бойынша тағайындалған екен.

Ал жүлдегерлер тізімін мына сілтемен өтіп оқи аласың!

Мені "Ешкім мырза" деп атаңыз! 3 февраля 2011

«Таңдау жасалмағанша, бәрі де мүмкін»


Әркімнің өмірінде әр күні жүздеген таңдаулар жасалынады және олардың жақсысы не жаманы болмайды.

Дарвин премиясы не күлкілі өлім 28 января 2011

Дарвин премиясы – жыл сайын Homo Sapiens түрінің генофондты өз генінен ең ақымақ әрі күлкілі жағдайда тазартқан өкіліне табысталатын виртуалдық жүлде. Осылай генетикалық қоқыстан тазарған адамзат, Дарвин теориясына сенсек, прогрессивтік жолмен арқарай дамуға көбірек мүмкіндік алады екен. Бір қызығы, премияға “ілінудің” алғашқы талабы тікелей ұрпақтың болмауы