Anarka Must  >   Блог
Anarka Must

 Сообщества (61)


...и еще 51 сообщство

Anarka АkZere Must

Мен де бармын десең ))
rss
Поэзия - екінің бірінің егізі емес! 6 декабря 2012

Бұрын поэзияны қатты жақсы көретін едім. Әдемі өрілген өлеңдердің басты фанаттарының бірі мен болатынмын. Соған байланысты «Мой мир» әлеуметтік желісінде қауымдастық ашып, қазақ тіліндегі түрлі авторлардың ең-ең деген өлеңдерін жариялай бастап, бір уақыттарға шейін қауымдастықты жақсы айналдырып келдім. Бірақ кейін...

Жүректе қалған сөздер... 4 декабря 2012

Өмір ағымында көптеген адамдарды кездестіреміз. Кейбірімен дос боламыз, әріптес боламыз, сырлас боламыз, әрқайсы өмірімізден ойып тұрып орын алмаса да, кейде олардың айтқан сөздері, не істері мәңгілік жадымызда қалып қалады екен. Мысалы, Гүлмира деген бір әріптесімнің "Қоғамдық көлікте тұрып келемін, отырған күйде де орын ұсына саламын. Бәрібір күні бойы жұмыста отырамын ғой" деген сөздері әрдайым автобуста есіме түседі. Бос орынға кейде отырмай-ақ қоюды да жөн санаймын. 

Бәрібір функциясы 28 ноября 2012

Орыстарда жеккөретіндерден емес, саған бәрібір деп қарайтындардан қорық деген сөз бар. Қайбір кезде, адам осы «бәрібір» деген жаңа белеске көшеді: қолынан ештеңе келмейтінін түсінгенде, сөздерінің бос сөз екенін білгенде, достардан көңілі қала бастағанда, жан тыныштығын ойлай бастағанда. Бәлкім, бұл есеюдің белгісі болар? Есейгенде адамдар өзі және өзінің ішкі әлемі, яғн ЭГО-сы басымырақ болып кете ме, қалай… Көп кезден бері көріспеген достарымен кездесу болғалы жатыр, бірақ оған баруға ынта жоқ, алыстағы ата-анаңның хал жағдайын білуге де айлап, жылдап бір барасың, тіпті жақыныңның мәселелеріне де бас ауыртқың келмейді. Ойлап қоясың да, «Бәрібір» деген функцияны бейсаналы түрде қосамыз да өз-өзімізбен өмір сүре береміз. 

Иттердің эволюцияға ұшырауы... 28 ноября 2012
Алдында Америкадан құрбым Камшат келгенде, америкалық иттер жайлы қызықты оқиғалар айтып беріп еді. Оларда адамдардан гөрі иттердің құндылығы жоғары сияқты дейді. Мысалы, бәріміз тауға баруға жиналдық, бірақ бір американдықтың иті ауырып, сол иті үшін қызықтан бас тартып, ауруханаға алып кетті дейді. Тіпті бір көршілерінің иті, Камшат сипамайынша жанынан кетпей қойыпты, «Сипа, сипа» деп. Сол кезде қатты таң қалған едік.
Жас шеберлердің шеберлігі 2 апреля 2012

Бір жылдан аса уақыт бұрын «Ғаламарт» шығармашылық жастар клубы көз алдымда ашылды десем болады. Энтузиазст жастар қолынан іс келетін, қолөнермен айналысатын, ұлттық аспаптар жасайтын шебер жастарды жинап, клуб ашты. Қазірде біраз жетістікке жеткен клуб мүшелерінің жұмыстары көрмелерге шығып, халықтың ықыласына бөленіп, тіпті кейбірінің қолданысына еніп те үлгерген.
 

Таксидегі әңгіме-2 немесе Төрт әйел алу мәселесі 30 марта 2012

Таксидегі әңгіменің бірінші бөлімі мына жерде. Таңертең таксиде келе жатып, жүргізуші мен жолаушының әңгімесіне куә болдым.

Жүргізуші:
— Менің көршімнің 4 әйелі бар! (қолын шошайтады)
Жолаушы:
— Әлхамдуллила!
— Былтыр қаңтарда төртінші әйелін алды!

Жұлдыздардың көп жарияланбаған суреттері 26 марта 2012

Әлем жұлдыздарының галлереясы осы күні тарих беттеріне жазылып қалатын тың дүниелер болып қалды. Бүгінгі күн — ертеңгі тарих деген осы. Бір кездері жай ғана құшақтасып түсе салған сурет біраз жылдардан кейін миллиондаған ақшаға сатылатын құнды мұрагер болатынын кім білсін?

Соңғы шыққан жаңа ақшалар 20 марта 2012

Соңғы кездері ақшалардың дизайнын түрліше жаңартып жүр. Кейде 1000 теңгені 2000 тг деп қаласың. Ал жаңа 5000 теңгелік тіпті орыс рублін еске салады.

Аю-хат 18 марта 2012

Қазіргі уақытта поштамен хат жіберу азайып кеткені анық. Бұл дерт бүкіл әлемді жаулап барады. Адамдар поштамен хат жіберуді қойып, электронды поштаға көшкен. Осы кемшіліктің орнын толтыру үшін креативті адамдар аю-хат ойлап тапқан екен. Аю суға төзімді, берік материалдан жасалған. Оған хат жазу үшін жай ғана қалам, ал оны жіберу үшін оған марка жабыстырып, мекен-жайын жазып жіберсеңіз болғаны. 

Еркектерді жылататын фильмдер 5 марта 2012

Фильмге қыздардың жылауы қалыпты құбылыс екені мәлім. Британдық «BBC News Magazine» журналы жүрекке тиіп, көз жасқа ерік бергізетін фильмдер рейтингісін құрыпты.